Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 602    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 1 Дауыстар   
9 Қазан, 2009 09:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Күзгі қолайсыздық


Күздің алғашқы жауыны алғашқы жайсыздықтардан да белгі берді. Бұл қолайсыздық Орал қаласының маңындағы ықшамаудан тұрғындарына қатысты. Көлдей шалшықты кешіп өткен көліктер су астындағы шұқырларға түсіп кетіп, жүргізушілердің жүйкесін жұқартуда. Ал жүргіншілер аялдамаға жеткенше толарсақтан саз кешеді.

Студия: Ж/Социалка-Данара
Автор:Еркiн Карин
Расчетный хронометраж: 00:00:16
________________________________________
Күздің алғашқы жауыны алғашқы жайсыздықтардан да белгі берді. Әзірге бұл қолайсыздық қала шетіндегі ықшамаудан тұрғындарына қатысты. Ми батпаққа айналған көшеде көлігі батқан жүргізуші мен толарсақтан саз кешкен жаяудың мұңын тыңдаған Данара Көлбаеваның сюжетіне кезек берсек.
________________________________________

Сюжет: С/Социалка
Автор:Еркiн Карин
Расчетный хронометраж: 00:01:22
________________________________________
Тұрғындардың жүйкесі сыр беретін кезең - көктем мен күз айлары. Жаздыгүні шаңға баттасқан көше жаңбыр жауса ми батпаққа айналады. Көлік түгілі кісінің жүруі қиынға түседі. Жыл он екі ай бойы жалғасқан азаптан арылатын уақыт - ызғарлы желтоқсан мен қаңтар, аязды ақпан айлары ғана. Сол кезде жолды жапқан қар асфальтқа бергісіз. Ал қазіргі ахуал - адам аярлық. Көлдей шалшықты кешіп өткен көліктер су астындағы шұқырларға түсіп кетіп, жүргізушілердің жүйкесін жұқартуда. Ал жаяулар аялдамаға жеткенше толарсақтан саз кешетінін айтып, ешқашан тынбайтын бұл тірлікке наразы. Талай табалдырықты тоздырған олар енді кімге шағынарын білмей отыр.
((Бекжан Сұлтанғалиев
қала тұрғыны
бұл жерде жүру мүмкін емес.балшық,су))
Ескі әуежай ауданына қазір №52 және 33 бағытты автобустар ғана қатынайды. Ақырғы аялдамаға аман жету олар үшін де азапқа айналған, жайсыз жолдың кесірінен автобустар соңғы нүктеге дейін бара бермейді. Осы бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі Абай Харесов жолаушылармен жиі сөзге келетінін айтты.
((Абай Харесов
жүргізуші))
Мектепке жаяу баратын оқушылардың қазіргі жан серігі - резеңке етік қана. Қосалқы аяқ киімді арқалау ауыр болмаса да, күнде қайталанар осы жайт әбден ығыр қылған жайы бар.
((Наурызбек Амангелдиев
оқушы))
Қалалық ТҮКШБ өкілдері өздерінің қарекетсіз отырмағанын айтады. Жолға асфальт төсеуге басы артық қаражат жоқ, даудың басы - осы. Себебі Мәскеу көшесі секілді шағын аумақты жөндеуге кетер шығын 230 млн. теңгеге жетеді екен. Сондықтан, биыл "Жол картасы" бойынша қаражат бөлінген күнде де әзірге Яблоневая мен Московский көшелері ғана ретке келтірілмек.
((Махамбет Оразов
ТКШ абаттандыру секторының меңгерушісі))
Ал қалалық Жолаушы көлігі бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Бекқайыр алдағы уақытта автобус аялдамасы алаңы мен осы аралықтағы жолдарға тас төселетінін жеткізді. Әзірге, бұл тек жоспар ғана.
((Нұрлан))
Жауапты орындардың жауабы осындай. Ал тұрғындар үшін тиісті мекемелер сөзінде тұрып, уәдесін орындағанша төзімділік танытып, амалсыз күтуден басқа шара қалмаған тәрізді.

Д.К, Олег Писаренко, А.Грабрев ТДК-42
________________________________________


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5462 & 14 Сұрау