Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 176    Танымдылық: Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 1 Дауыстар   
13 Қазан, 2009 08:55 [ТК "Эра", Астана]

Үй үстіне снаряд құлады


Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы әскери қару-жарақты тасымалдау ережелерінің бұзылуы жөнінде қылмыстық іс қозғады. Әскерилер қару тасымалдауға енжар қарағаны соншалықты, бүгін Алматы аспанына 120 милиметрлік фугастық авиабомба тұрғын үйдің үстіне түсті.

Жаңалықтар «ЖЕТІНШІ АРНА», 12.10.09 ж, 22:30
Қапшағай гарнизонының әскери прокуратурасы әскери қару-жарақты тасымалдау ережелерінің бұзылуы жөнінде қылмыстық іс қозғады. Әскерилер қару тасымалдауға енжар қарағаны соншалықты, бүгін Алматы аспанына 120 милиметрлік фугастық авиабомба тұрғын үйдің үстіне түсті. Құдай сақтағанда, тұрғындар дін-аман. Қырып-жоятын қару Жетіген кенті маңындағы әскери әуежайдан, оқу ұшырылымына көтерілген СУ-24 ұшағынан түсіп қалыпты. Біздің тілшілеріміз оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетті.
Ұшақтан құлаған снаряд үйдің қабырғасын тесіп өтіпті. Даладағы қораны да тас-талқан еткен. Әбүйір болғанда апат болған жерде ешкім болмаған. Үрейі ұшқан тұрғындар дүрлігіп қалды.
МАРЖАН ГАСАНОВА, ТҰРҒЫН: «Автоматшылар бізді жібермей қойды,әлгі снарядты залалсыздандырды. Бірақ қыс таяп қалды,далада қалдық».
Бір сағаттан соң әскерилер елдімекенді қоршауға алады. 65229 әскери бөліміне тиесілі СУ-24 әуе кемесінен құлаған снарядты саперлар залалсыздандырды. Бірақ тұрғындарға төтенше оқиға жайлы ақпарат таратуға тыйым салынған.
МАРЖАН ГАСАНОВА – ТҰРҒЫН: «Ничего не пишите, Америка будет знать».
Бүгін Бас әскери прокуратура қару-жарақты пайдалану ережесін бұзғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады.Төтенше оқиғаны тергеу Алматы әскери-тергеу басқармасына жүктелді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.8205 & 14 Сұрау Серверді жегу: 2.14