|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі»Жаңалықтар «ЖЕТІНШІ АРНА», 12.10.09 ж, 22:30 /Жазира Бегалы/ Бүгін Алматыда жолаушы тасымалдайтын екі автобус соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Жол сақшылары жол көлік апатының себеп-салдарын тексеріп жатыр. Жолаушылар мен автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Бүгін Алматыда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы басталды. Яғни, бұл алғашқы күні тіркелген алғашқы оқиға. Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында 82, 65-ші нөмірлі екі автобус түйісіп қалды. Қатты соққыдан бір автобус аударылған. Көлікке жаншылғандарды сол маңдағы жүргіншілер мен куәгерлер құтқарыпты. ЕРЛАН САПАРОВ, КУӘГЕР: «Автобус артынан соқты,одан кейін 82 автобус тоқтай алмай бірнеше аударылып, астында адам қалды. Бәріміз автобусты көтеріп, адамдарды алып шықтық». Жол сақшылары оқиға орнын тексеріп жатыр. Ал аман қалған жүргізуші әлі есін жия алмаған сыңайлы. АЙДАР, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: «Тоқтап тұрғам светафорда 65 маршрутта істеймін. Сол көк жанып жүрдім. Ар жақтан анау басып келді. Тоқтап үлгере алмай қалдым. Тоқтадым ғой, қашып келіп ұрды болды». Жол қиылысындағы апаттың себеп-салдарын техникалық сараптама анықтайды. Дегенмен, оқиға орнында жол полициясы басқармасының басшылары да жүр. Алматыда бүгін ғана басталған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығының алғашқы күні осындай тосын оқиғадан басталды. ОЛЬГА ГАЙДАМАК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖПБ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Екі жүргізушінің уәжі ортақ. Жасыл жанған кезде «жылжыдық» деп сендіреді.Оның нақты себебін техникалық сараптамадан соң айтамыз. Қанша адамның зардап шеккенін анықтап жатырмыз. Барлық ауруханаларды тексерілуде». Қоғамдық көлік апатынан жарақат алғандардың саны бастапқыда жетеу еді. Тағы екі жолаушы үйіне барғаннан кейін өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақыртыпты. Дәрігерлер науқастардың денсаулығын жіті бақылауда. Ал аударылған автобус жүргізушісі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. ВЛАДИМИР ПОТАПЕНКО, ҚАЛАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Автобус жүргізушісінің бас сүйегі зақымданған, миы шайқалып, омыртқасы сынған». Дәрігерлер тағы бір жолаушының өміріне алаңдаулы. Ал кешке таман жол апатынан аман қалған 7 кісі үйіне қайтарылды. Последние новости рубрики
30.07 (09:53) Шайынды судың әлегі
22.07 (10:14) Белгісіз мүрде кімдікі? 22.07 (10:12) Трекинде де өрт көп 22.07 (10:11) 350 гектар шабындық өртенді 22.07 (10:10) Дүкеннен өрт шықты 21.07 (11:50) Қайран мемориал 21.07 (11:05) Тағы бір ұры ұсталды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||