Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 191    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
13 Қазан, 2009 09:21 [ТК "Эра", Астана]

Орталық Азияның алып жігітін аштық алып жықты


Бойы екі жарым метр Қырғызстан азаматы бір жыл құр нан мен қара суды ғана талғажу етіп келіпті. Аштықтан бұралып, ауруға шалдыққан азаматты қияндағы Нарын даласынан саяхатшылар Бішкекке арқалап келген. Қазір ауруханада емделіп жатыр.

Жаңалықтар «ЖЕТІНШІ АРНА», 12.10.09 ж, 22:30 /Салтанат Еспан/
Орталық Азияның алып жігітін аштық алып жықты. Бойы екі жарым метр Қырғызстан азаматы бір жыл құр нан мен қара суды ғана талғажу етіп келіпті. Аштықтан бұралып, ауруға шалдыққан азаматты қияндағы Нарын даласынан саяхатшылар Бішкекке арқалап келген. Қазір ауруханада емделіп жатыр.
Бойының ұзындығымен жұртшылықты тәнті еткен Женішбек Райымбаевты бүкіл ТМД таниды. Оны Қырғыздың баскетбол клубына да шақырған. Қарапайым жігіт зейнет демалысындағы ата-анасының қолында тұруды таңдапты. Алайда тақыр кедейдің күнін кешкен ол қант ауырына шалдыққан.
ЖЕНІШБЕК РАЙЫМБАЕВ, НАУҚАС: «Мені осында әкеліп, ем-домға өз қалтасынан ақша төлеген азаматтарға алғысым шексіз. халім өте ауыр еді. Аяғым жүргізбей, төсек тартып жатып қалғам. Тіпті, тамағымнан ас өтпей қалды».
Женішбектің жасы отызда. Тоғыз сыныптық қана білімі бар. Оқуын жалғастыруға бойы кедергі болыпты. Қазір екінші топтағы мүгедек. Кәрі әке-шешесі мен көрші қолаңға көмегін аямайды. Қолынан іс келетін жігіт өзіне лайықты жар іздеп жүр.
АЙНҰР ЕРКЕБЕКОВА, МАССАЖ ЖАСАУШЫ: «Азиялық әйелдердің батылдығы жетпейді. Былтыр Женішбек келбеті келісті мықты жігіт болатын. Ауру оны әбден әлсіретіп жіберген сыңайлы. Өңі қуарып кеткен».
Дәрігерлер қырғыз алыбын ауруынан әбден айыққанша емдейміз деп отыр. Ас - адамның арқауы. Бірақ үйіне барғанда тағы да қара нан мен қара суды талғажау ететін болса, сырқаты қайта қозуы мүмкін деп қорқады.
ШЕРМАТ САТЫБАЛДИЕВ, ЕМДЕУШІ ДӘРІГЕР: «Егер де ол Нарынға қайта оралып, осы тұрмысын жалғастыра берсе, бұл жағдай қайталануы мүмкін. Біз оның Бішкекте қалып, үздіксіз тексерістен өткенін қалаймыз».
Таяуда Женішбектің көңілін сұрап Қырғыз депуттары келіп кетіпті. Халық қалаулылары президентпен кездестіреміз деп уәде берген көрінеді. Тіпті, үйлену тойының шығынын да көтермекке ниет білдірген сыңайлы. Алайда ұзын бойлы азаматтың әлі күнге дейін төлқұжаты жоқ екен. Енді Женішбек ауруымнан айықсам алдымен осы мәселені шешуге күшімді саламын деп отыр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7112 & 14 Сұрау Серверді жегу: 3.16