Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 439    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
5 Қараша, 2009 14:43 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

Ішімдіктің салдары...


Ішімдіктің салдары кісі өліміне әкелді. 50 жасар әйелдің өліміне себепкер болғандар ұсталды. Осы факті бойынша бүгін Семей қалалық ІІБ-сында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті.

1-ші қараша күні 1-ші мөлтек ауданға қарасты 11-ші үйдегі 38-ші пәтерде өрт шыққандығы туралы дабыл түскен. Мәселенің жай-жапсарын зерттеген ішкі істер қызметкерлері мен өрт сөндірушілер өртенген үй ішінен сол үйдің тұрғыны 50 жасар әйелдің мүрдесін тапқан. Өрт оқиғасы кезінде үй тұрғынының жиенін көршілер шығарып алып, медициналық көмек көрсеткен. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деп танылған 1983 және 1988-ші туылған екі бойжеткен қыз ұсталды.

Оқиға былай болған. Қаза болған азаматшамен бірге тұратын оның жиеніне келген екі бойжеткен дос қызбен бірігіп ішімдік ішкен. Ішімдіктің буымен жанжал шығып, оқиға кісі өлімімен аяқталған. Қылмыскерлер ізін жасыру мақсатында ас үйдегі электр плиткасын іске қосып, жастықты тұтатқан, соңынан оны кісі өлтірген бөлмеге тастаған.

Ұсталған күдікті қыз бұрын да алаяқтық әрекеттері үшін істі болған. ҚР қылмыстық кодекснің 96-шы бабының "А" тармағы бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ерзат жанатұлы, Дидар Қоқанов, ШАБ:


Түпнұсқа

» 3 Қараша, 2009 12:30 УВД каз. / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.3873 & 15 Сұрау