Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 478    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
13 Қараша, 2009 12:36 ["Рика-ТВ" телеарнасы, Ақтөбе]

Футбол. "Ақтөбе"- "Шахтер" 0:1


Ақтөбе футбол клубы биыл алтын дубль жасай алмады. Чемпионатты ұтқан жерлестеріміз кубок жолындағы жартылай финалдық матчында сүрініп қалды. Қарағандының Шахтеріна қарсы өткен қарымта ойынның негізгі уақыты 1-0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген болатын.

Ақтөбе футбол клубы биыл алтын дубль жасай алмады. Чемпионатты ұтқан жерлестеріміз кубок жолындағы жартылай финалдық матчында сүрініп қалды. Қарағандының Шахтеріна қарсы өткен қарымта ойынның негізгі уақыты 1-0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген болатын. Ал қосымша уақытта Сергей Шафф жеңісті го соғып, Шахтерды финалға алып шықты.

Париждің Берси корттарында екінші айналым матчтары аяқталды. Әлемнің бірінші ракеткасы Роджер Федерер бұл жолы да жүлдеден тыс қалды. Кеше ол Жюльен Беннетомен кездескен еді. Француз бұл матчта бар шеберлігін көрсетіп, 3-6, 7-6, 6-4 есебімен жеңіске жетті. Енді Беннето отандасы Гаель Монфиспен бақ сынасады. Рафаель Надальда Париждегі турнирді әзірше ұтып көрген жоқ. Бірақ биыл оның мүмкіндігі жоғары деп отыр мамандар. Кеге Испан жігіті 3-6, 7-6, 7-5 есептерімен Николас Альмагроны еліне қайтарды. Келесі айналымда Надаль Томми Робредомен кездеседі. Таңы бір үміткер Новак Джокович үшінші кездесуінде Арно Клеманмен күш сынасады. Кеше серб Хуан Монаконы ұтты. Ал Марат Сафин спорттық карьерасын аяқтады. Соңғы матчын Хуан Мартин Дель Птороға қарсы өткізген татар теннисшісі 4-6, 7-5, 4-6 есептерімен жеңіліс тапты.

Желкендік регатада Луи Вуетон кубогі үшін күрес қыза түсуде. Американың Оракл кемесінің экипажы алғашқы да тамаша өнерімен көзге түсіп еді. Бірақ соңғы текетірестері сәтсіз аяқталуда. Кеше Ораклдың алдын Тим Ориджен командасы орап кетті. Естеріңізге салсақ ақпан айында Оракл Америка кубогі үшін Швейцарияның Алинги кемесімен сыңға түседі. Ал Луи Вуетон кубогінің жалпы сынағын Тим Нью Зиланд командасы бастады. Бұл ұымның қоржынында қазір 10 ұпай бар.

Құрлықтық хоккей лигасының қалыпты чемпионатында кеше орталық матчта 愦灭лСКА мен Атлант кездесті. Қонақтардың таяуда бапкері өзгерген еді. Қазір бұл командамен Николай Борщевский жұмыс жасайды. Ойынның алғашқы минуттарында Атлант есеп ашты. Гол авторы Зубарев. Араға уақыт салып армияшылар таразы басын теңестірді. Бірақ екінші кезең қонақтардың басымдығымен өті, Мозякин мен 愦灭лириктер 愦灭лСКА қақпасына екі жауапсыз гол соқты. Қортынды есеп 3-2 Атлант пайдасында.


Түпнұсқа

» 12 Қараша, 2009 09:44 10 СПОРТ / "Рика-ТВ" телеарнасы, Ақтөбе

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.4519 & 15 Сұрау