|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
18.05 (12:57) Сағындым сені 18.05 (12:37) Елімізде ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілік артып отыр 18.05 (09:49) 18 мамыр 17.05 (15:22) Ұлттық біріңғай тесті өткізуге дайындық 17.05 (15:10) Заңсыз шлагбаумдар |
|
18 қарашаБүгінгі күн Микки Маустың туған күні деп саналады. 1787 жылы француз суретшісі және өнертапқыш Луи Дагер дүниеге келді. 1307 жылы Швейцарияның халық батыры Вильгельм Телль өз баласының басына алма қойып, оны атып түсіреді. 1870 жылы көгершіннің алғашқы ресми жолы Тур қаласы мен Парижды байланыстырды. Бүгінгі күн Микки Маустың туған күні деп саналады. 1928 жылы «Есалаң аэроплан» атты мылқау мультфильмде алғаш рет белгілі тышқан пайда болды. Оның образы Уолт Диснейдің дыбыстық сүйемелдеумен түсірілген «Виллидің параходы» мультфильмінде қайталанды. Диснейдің естелігіне, сүйенсек, Миккидің бейнесі оның 1924 жылы Канзас-ситидегі студиясында тірі тышқанның пайда болуына байланысты шықты. Бір күні Дисней: «Мен Микки Маусты осы уақытқа дейін таныс болған барлық әйелдерден артық қоямын» деген екен. 1932 жылы Микки Маусты ойлап тапқаны үшін Дисней «Оскар» сыйлығын алды. Тышқан өзінің достары тышқан Минни, ит Гуфи, үйрек Дональдпен бірге американдық және әлемдік мультипликация қорына енді. 1787 жылы француз суретшісі және өнертапқыш Луи Дагер дүниеге келді. 1307 жылы Швейцарияның халық батыры Вильгельм Телль өз баласының басына алма қойып, оны атып түсіреді. Оны тарихы былай болған: XIV ғасырда Швейцария Рим империясының қатал әміршісінің қол астында болған. Оның орынбасары Гесслер Альтдроф қаласының орталық алаңына бағана қояды. Бағананың төбесіне өзінің бас киімін іледі де, өткен-кеткендерге оған өз королі ретінде қарауды бұйырады. Оған тек қаланың адал тұрғыны Вильгелм Телль ғана көнбейді. Ашуы терісіне сыймаған Гесслер мергендігімен даңқы шыққан Теллге өз баласы Вальтердің басына алма қойып, атқызады. Теллдің оғы алмаға дәл тиді, бірақ ол «егер оғым ауыт кеткенде, екінші оқ Гесслерге тиетін еді» деген. Ашуланған орынбасар Теллді ұстап, өз қамалына әкелуді бұйырады. Қайықпен Теллді ұстап әкеле жатқан кезде дауыл тұрады. Қайыққа ие бола алмай қиналған Гесслердің адамдарының есіне Телдің мықты теңізші екені түсіп, оның қолын босатады. Оны пайдаланған Телл қашып кетеді, алайда алдын ораған Гесслер оны атып өлтіреді. 1870 жылы көгершіннің алғашқы ресми жолы Тур қаласы мен Парижды байланыстырды. Ол Франция мен Пруссия арасында болған соғыс кезі еді. 1901 жылы американдық белгілі саясаткер Джордж Гэллап дүниеге келді. Бүгін өзінің туған күнін режиссер, сценарист және драмматург Эльдар Рязанов тойлайды. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||