|
|
Бүгін
03.09 (10:45) «Былғары доп-2010»
03.09 (10:43) Жерлестердің жеңісі 03.09 (10:42) Қаржы полициясы 03.09 (10:42) Әмбебап көлік 03.09 (10:41) Өртенген орман 03.09 (10:40) Үйі өртенген үйелмендерге көмек |
|
18 мамыр18 мамыр Халықаралық мұражай күні Қазақстанда қазір 166 мұражай жұмыс істейді. ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің дерегінше елде 2 миллиярд 400 мың жәдігрлер сақталған. Ресми мәліметтер бойынша олардың 65 мыңы қайта өңдеуді талап етеді. Өткен жылы Қазақстан мұражайларын 3 миллион адам тамашалапты. Мұражай күні 1978 жылдан бері атап өтіледі. Оны алғаш рет Кеңестік делегация мұражайлардың халықаралық кеңесінде ұсынған екен. Қазір бұл күн 150 елде атап өтілуде. 18 мамыр – Қырымнан жер аударудың құрбандарын еске алу күні 1944 жылы 18 мамырда неміс басқыншыларынан азат етілген Қырымда НКВД-нің арнайы операциясы басталды. 200 мыңға жуық Қырым татарларына немістердің жандайшаптары болған деген айып тағылып жер аударылды. СССР Жоғарғы Кеңесі тек 1967 жылы ғана қырым татарларын ақтап шықты. Арнайы қаулы тек Өзбекстанда ғана жария етілді. Бірақ татарларға отандарына оралу құқығы берілмеді. Олар Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана оралды. 1927 жылы 18 мамырда Голливудта Жұлдыздар Аллеясы идеясы дүниеге келді. Америкалық кино жұлдызы Номра Талмадж байқаусызда әлі қата қоймаған асфальтті басып кетіп, онда аяқ киімі қалып қояды. Голливудтта содан бері еңбегі сіңген өнер жұлдыздары өз алақандарының іздерін қалдыра алады. 1997 жылы 18 мамырда әлемдегі ең қарт студент тіркелді. Ирландия азаматшасы Бриджет Диррен 102 жасында диплом алды. 1936 жылы 18 мамырда Олжас Сүлейменов туды. Ақын, жазушы, көрнекті қоғам қайраткері. 14 астам кітаптың авторы. Бүгінде Олжас Сүлейменов Қазақстанның ЮНЭСКО-дағы тұрақты өкілі. 1048 жылы 18 мамырда ақын, ғалым Омар Хаям өмірге келді. Ол математика, алгебра, астрономия саласында маңызды жаңалықтар ашты. Оның бір шумақтан тұратын «рубаилары» бүкіл әлемге тарады. Ол тұңғыш рет ең тура күнтізбекті жасаған ғалым. Последние новости рубрики
03.09 (08:00) 3 қыркүйек
02.09 (08:43) 2 қыркүйек 01.09 (08:00) 1 қыркүйек 31.08 (08:00) 31 тамыз 27.08 (08:00) 27 тамыз 26.08 (08:00) 26 тамыз 25.08 (08:00) 25 тамыз |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||