|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Оралда бокстан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтудеАстанадан ат арытып келген арнайы комитет, оның ішінде ҚР бокс Федерациясы өкілдері, Сиднейде өткен жарыстың чемпионы, олимпиадаға даярлаушы орталықтың директоры Ермахан Ибраимовтың сөзінше, биылғы олимпиадаға ерекке көңіл бөлініп отыр. Өйткені дәл осы сыннан сүрінбей өткен жастар келер 2010-жылы еліміздің намысын өзге мемлекеттерде өнер көрсететін ұлттық құраманың сапына алынатын болады. Келесі бейнематериалда толығырақ. Жарысқа жиналған спортшылардың жалпы саны - 200-ден астам. Дені 92-93 жылғы жасөспірімдер. Жоспар бойынша олар, 12 салмақ дәрежесінде бақ сынау үстінде. Ақжайық өңірінен бұл сынға 7 бірдей жас спортшы қатысуға ниет білдіріпті. ҚР бокс Федерациясының мүшесі Берік Боранбаевтың айтуынша, әсіресе соңғы 2-3 жылда боксқа бет бұрған жастарымыздың деңгейі төмендеп барады. Бұған әлем чемпионатының соңғы жарысын дәлел қыла аламыз. Онда спортшыларымыз бір ғана қола медальмен оралған еді. Мамандар сөзінше, бұлай жалғаса беретін болса, Қазақстандық бокстың бар екенін дәлелдеу қиынға соғады. Берик Боранбаев зам директора дирекций штатных нац. команд РК. представитель федераций бокса Р.К. - Хорошо бокс развит в ЮКО Чимкент Тараз утверждать что кто-то один плохой не могу проблема есть и в тренерах приходят чемпионы Азии к нам а мы их учим стоике в общем признаюсь что уровень бокса РК катится вниз.)) Бүгінде боксты дамыту үшін елімізде елеулі жұмыстар қолға алынуда. Мәселен, күні бүгін шет елдің жаттықтырушылары шақыртыла бастапты. Әйгілі бапкер, Ермахан Ибраимовтың сөзінше, бұрын еліміздің атпалдай азаматтары шет ел спортшыларын шынықтырса, ендігі жағдайда бақталастардың кебін өздеріміз кие бастағандаймыз. Ермахан Ибраимов директор центра подготовки олимпийского резерва по боксу молодым ребятам 92-93года, повезло сегодня они могут участвовать на первых молодежных олимпийских играх в Сингапуре.)) Қалыптасқан ахуалды оңтайландыру мақсатында, енді еліміздің бокс саласы қатаң бақылауға алынбақ. Оның ішінде елордамызда өткен соңғы жиында жаттықтырушы-бапкерлер мен төрешілер құрамы жұмысындағы олқы тұстарды жою тапсырылды. Ал ұйымдастырушылар болса, бүгінгі чемпионаттан да елеулі нәтиже күтіп отырғанын айтады. Гүлназ, Кушалиев, Грабарев тдк-42. ... Последние новости рубрики
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
28.07 (16:48) Бокстан ашық жекелей чемпионат 27.07 (12:10) Атырауда бокс додасы болып өтті 23.07 (11:21) Ескекшілер жарысы 23.07 (11:20) Боксшылар Атырауға аттанбақ 22.07 (10:21) Оралдық балуандар топ жарды! 22.07 (10:21) Футболдан ҚР біріншілігі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||