Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 451    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.25 Қайдан 4 Дауыстар   
20 Қараша, 2009 11:02 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жаңа елшілер


Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 мемлекеттің, атап айтқанда Голландия, Канада, Латвия, Бельгия, Франция, Финляндия, Монғолия және Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Елшілерді Қазақстандағы қызметтерінің басталуымен құттықтаған Мемлекет басшысы, «Сіздердің елдер мен Қазақстанның арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, мемлекетаралық достығымызды одан әрі дамытуда сіздердің қызметтеріңіз септігін тигізетіндігіне шын жүректен сенемін. Қызметтеріңізге зор табыстар және денсаулық тілеймін», деді. Президент елшілердің Қазақстандағы дипломатиялық қызметі жемісті болатынына сенім білдіре келе: «Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және Үкіметі сіздердің жұмыстарыңызға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз Астанада келесі жылы Еуропалык Қауыпсыздык және Ынтымақтастық Ұйымы мемлекет басшыларының жоғарғы деңгейдегі саммитін өткізу керектігін ұсындық. Өйткені, 1999-жылы Стамбулда өткен саммиттен бері Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақиасиық Ұйымы мемлекет басшыларының саммиті өтпеген. Ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларына қазіргі заманғы өзекті мәселелерді талқылау үшін кездесу қажет. Талқыға салатын нәрселер бар. Әлем өзгерді, біз өзгерген әлемдегі оқиғаларға баға беруге тиіспіз. Өзіміздің келешек ұстанымымызды айқындап алғанымыз жөн. Қазақстан конструктивті сұхбатқа ашық және мемлекеттермен арадағы жан-жақты әрі жемісті ықпалдастықты өсіре беруге дайын", - деді мемлекет басшысы.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 4.2333 & 14 Сұрау