|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Қарағайлы орманның ертеңі"Қолда бар алтынның қадірі жоқ",- деген осы. Әлемдегі ең ірі қылқан жапырақты үш орманның бірі - Семей өңіріндегі қарағайлы орманның бүгінгі жағдайы көңіл құлазытады. Орманды заңсыз кесіп, талан-таражға салушылар саны азаймай отыр, бұған қоса орманға қаса-қана от қою және ауа райының салдарынан орын алатын өрт оқиғалары Семей орманын қалпына келтіруге мүмкіндік бермей келеді. Қарағайлы орманды сақтау және қалпына келтіру мәселелерін талқылауға арналған алқалы жиынға ШҚО-сы әкімінің орынбасары Григорий Пинчук, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков, ШҚО табиғатты қорғау прокуроры Қайырбек Кенбаев, "Семей орманы" табиғи резерватының бас директоры Павел Струков және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Жиналғандардың алдында "Семей орманы" табиғи резерватының бас директоры Павел Струков есеп берді. Интершум. - Соңғы 5-6 жыл көлемінде 105 мың гектар орман алқабының ағаштары оталған, өртенген болса, 2008-2009-шы жылдары бұл көрсеткіш біршама төмендеген, 9 гектар орман алқабы жойылған. Ағаш отырғызу жұмыстары соңғы жылдары жүйелі жүргізіліп келеді. Мысалы, ағымдағы жылы 385 мың гектар жерге ағаш отырғызылған. Қазіргі кезде орманның жағдайын жақсартуға Үкімет тарапынан көңіл бөлініп отыр. Қарағайлы орманды қалпына келтіруге шамамен 50 жыл уақыт керек екен. Орманшылар бұл жұмысты 15 жылда орындауды көздейді. Жаңа техникамен жабдықталған орманшылар осы жылдың аяғына дейін жаңа жылыжайда көшеттер өсірмек. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Интершум Алқалы жиынның өтуіне 13-ші қарашада Елбасымен өткен тікелей эфирде семейлік ғалым Михайл Паниннің Президентке жолдаған сауалы себеп болған. Сол жолы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне Семей орманына қатысты нақты тапсырма берген болатын. Бүгінгі жиын қарағайлы орманды сақтап, қалпына келтіруде Елбасының тапсырмасы төңірегінде басталған жұмыстардың бір парасы. Ерзат Жанатұлы, Кирилл Донковцев, ШАБ.
Последние новости рубрики
15.04 (10:28) Жаңа аллея
04.03 (10:44) "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" 26.10 (11:43) "Менің атаулы ағашым" 30.09 (08:52) Ауаның ластануы 02.09 (12:19) Балықсыз қалмаудың амалы 14.08 (11:31) Жұлдызды жауын 29.04 (11:52) Жас келсе экологияға... |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||