|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
Ұлттық бірлік доктринасыҰлттар арасындағы татулық - тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы. Бұл - еліміздің ұстанған басты бағыты болуы керек. Жиылғандардың пікірінше, доктрина - жалпыхалықтық бірігудің теориясы, жоба-жоспары іспетті. Қазақстан халқы ұлттық діни бірлестіктер бойынша әрқайсысы әр жаққа тартпай, «осы елдің халқымыз» деп қазақ ұлтының ұйымдастырушылық, біріктірушілік ролін мойындап, соның айналасына топтасуы тиіс. - Бүгінде біз өзімізді Ассамблея деп аталатын Қазақстан халқы бірлестігінің алқа гүліндегі кішкентай гауһар тас ретінде сезінеміз. Жалпы біздің диаспорада Қазақстан экономикасының дамуы мен гүлденуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген азаматтар көп.)) Ел Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың басшылығымен өткен кезекті XV сессия - бұл этникааралық әрекеттестік пен мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы тиімді құрал, әрі еліміздегі ұлыстардың өзара байланысын қамтамасыз етер - Ассамблеяның мол тәжірибесін көрсетті. Бұл үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және азаматтық қоғам институттарымен жаңа формулаларды пысықтау керектігін қажет етеді. Елбасы өз баяндамасында Қазақстанның Ұлттық бірлік доктринасына жіті назар аударды. Өйткені, доктрина әрбір қазақстандықтың «үстел кітабы» болуға лайық. - Оның Ассамблея жанынан этносара¬лық қарым-қатынастар мәселесі бойынша Жетекші журналистер мен сарапшылар клубын құру ұсынысы да орынды және бұл қазіргі заман ағымында аса қажетті құрал деп санаймын. Біз Ассамблеяны - этникааралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, тиімді үйлестіруші ретінде көрсек, Ұлттық бірлік доктринасы бұл үрдістегі өзіндік конституция болмақ.)) Мемлекет басшысы бұл бірегей институттың алдында тұрған ауқымды міндеттерді белгілеп, Ассамблея жұмысы жаңа жүйелі қасиеттерді табуы тиістігін айқындады. Дамыған әлемде «ұлттық бірлік» ұғымы - ортақ мемлекетті бірлесіп жасау, толеранттық, азаматтық және өз елінің мемлекеттік тілін міндетті түрде білу қағидаттарымен өлшенеді. Ал бұл факторлар Қазақстанның Ұлттық бірлік доктринасында - мемлекеттің ұлттық саясат саласындағы жаңа стратегиялық құжатында көрініс таппақ. Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||