Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 352    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
30 Қараша, 2009 10:32 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Айттық концерт


Құрбан Айт мерекесіне орайластырылған салтанатты жиын бүгін Орал қаласының Жастар Мәдениет үйінде өткізілді. Жиылған жамағатқа қала басшылығы мен орталық мешіт өкілдері бұл мерекенің мән-маңызын таратып түсіндірді. Құрбан Айтта жасалар жоралғылар жайымен таныстырған дін өкілдері соңғы кезде бұл діни мерекенің маңыздылығы басымдыққа ие болғанын баса айтып өтті.

Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, құттықтасуы арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Айт мерекесіне орайластырылған жиынға келушілердің көбі жастар. Бұл үрдіс құптарлық өзгеріс дейді меші өкілдері.
Қажымұқан
ТИТР: Қызыл мешіттің бас имамы

- Біздер үшін бұл жақсы үрдіс.))

Бұл күні қажылыққа аттанғандар зиярат етеді. Ал осы сапарға барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат - құрбандық шалу. Бұл - айтулы мерекенің ең маңызды амалы.

Қала әкімі
- Қазір бәріміз намаз оқитын болдық, бұл жақсы бастама))

Бұл күндері тәуелсіз Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылмандар өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды. Адамдарды бір-бірінен алыстатпай, қайта жақындата түсуді насихаттайтын хақ дін - Ислам әрдайым жақсылық жасап, әділ болуды жөн көреді. Сондықтан бұл күндері халқының жетпіс пайызын Ислам дінін ұстанушылар құрайтын тәуелсіз Қазақстан ынтымақ, достығымен әлем назарын өзіне аударып, үлгі бола білді.


Мешіт өкілдері Құрбан Айт кезінде жасалар амалдар туралы баян етті. Бұдан кейін жиылғандар медресе шәкірттерінің орындауында түрлі діни әндерді тыңдады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3805 & 14 Сұрау