|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Орал қаласында белгісіз жағдайда екі бала жоғалдыҚос жеткіншектің хабарсыз кеткені туралы ақпарат 23-қараша күні күндізгі сағат он бірлер шамасында түсіпті. Суыт хабар ізімен жедел іздестіру жұмыстары да бірден басталды. Дәмет Жұмағұлова ТИТР: баспасөз қызметі - Көршілері баланың мұз үстінде ойнап жүргенін көрген. Жайық өзенінде мұз қатқан кез екен.)) Қазір Роллан мен Азамат туралы қолда бар мәліметтер қысқаша хабарландыру жер-жерге таратылуда. Мұндай құлақтандыруларды аялдамалардан да кездестіруге болады. Сарсаңға түскен ата-аналар көріпкелдердің көмегіне жүгінуде. Марат Мақсотов ТИТР: жоғалған баланың ағасы - Олар ойнауға шығып кеткен, содан әлі келген жоқ. Папам мен мамам бақсыларға тас салдыртып, құмалақ ашқызып жатыр. Жаңа Подстепныйға кетті)) Ойнап жүрген балаларды соңғы рет көрген көршінің сөзін негізге алып, сүңгуірлер бір күннен кейін 24-қарашада іздестіруді бастаған. Арада 3 күн өтсе де бұл талпыныс жеміссіз болып отыр. Сүңгуірлерге ауа райының қолайсыздығы мен күшейген жел кедергі. Бірақ, бірнеше топқа бөлінген олар іздестіру ісін жалғастыруда. Алексей Туз Сүңгуірлер тобының жетекшісі - Қазір су түбінде жарты метрден астам қашықтықты бағдарлап көруге болады. Жазда бұл жер лайланып, іздеу қиынға түсетін. Әзірге нақты ештеме табылар емес. Өзен шіріген ағаштың түбірі мен түрлі темір-терсектерге, шөлмек сынықтарына толы. Басында балалар суға кетсе, олардың денесі осы заттарға ілініп қалуы мүмкін деген жорамалымыз болған, осының негізінде Жайықтың ескі арнасы мен сол жердегі шағын қойнауды түгел тексеріп шықтық. Бірақ, ештеме таба алмадық.)) Мұз қатып, сең жүріп жатқан кезде сүңгуірлерге суға түсуге тыйым салынған. Бірақ, қос жеткіншектің тағдыры үшін заңды белден басқан іздеу тобы техникалық қауіпсіздік талаптарын да ескерер емес. Алексей Туз ТИТР: сүңгуірлер тобының жетекшісі - Жайық аса қатерлі өзен, егер адам қыстыкүні суға кетсе, оның денесі көктемде су жүргенде немесе жазда бір-ақ табылады. Ағыс қатты болса санаулы күнде қала аумағынан шығып кетуі де ықтимал. Сондықтан, қазір қандай да бір шешім айта алмаймыз.)) Қос жеткіншекті іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл іске тек сүңгуірлер ғана емес, полиция да жұмылдырылуда. Сондықтан, бейкүнә балалар жайынан хабардар азаматтар болса, құқыққорғау органдарына хабарласқаны абзал. Последние новости рубрики
30.07 (09:53) Шайынды судың әлегі
22.07 (10:14) Белгісіз мүрде кімдікі? 22.07 (10:12) Трекинде де өрт көп 22.07 (10:11) 350 гектар шабындық өртенді 22.07 (10:10) Дүкеннен өрт шықты 21.07 (11:50) Қайран мемориал 21.07 (11:05) Тағы бір ұры ұсталды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||