Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 383    Танымдылық: Орташа рейтинг : 7.33 Қайдан 3 Дауыстар   
1 Желтоқсан, 2009 09:26 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Орал қаласында жоғалған екі жеткіншектің бірі табылды


Осыған дейін қаламызда белгісіз жағдайда екі бала жоғалғаны туралы хабарлаған едік. Олардың бірі 5 жаста, екіншісі сәл ересектеу - 8 жаста. Қазір балаларды іздестіру жұмыстары жүрізілуде. Бірнеше топқа бөлініп, өзен аңғарын шарлаған құтқарушылар сенбі күні 5 жастағы Азаматты тапты.

Бүлдіршіннің денесін судан құтқарушылар суы тартылған өзеннің ортасынан пайда болған шағын аралдың тұсынан алып шығыпты. Қазір осыны негізге алып, 8 жасар Ролланды іздестіру өзеннің осы аумағында жалғастырылуда. Назар аударалық.

Қос жеткіншектің хабарсыз кеткені туралы ақпарат 23-қараша күні түскен. Іздестіру жұмыстары суыт хабар ізімен тоқтаусыз жүргізілді. Сүңгуірлер өзен бетін мұз жапқанына қарамастан, тәуекелген бел буды. Дегенмен, алғашқы талпыныс сәтсіз аяқталды.

Бисенбай Жексенов
ТИТР: Судан Құтқару қызметінің бастығы
- Біздер бірнеше әдісті қолданамыз, моторканың моторын суға батырып, жасанды толқынмен су түбін қозғалтамыз, сонда дене шығуы мүмкін.))

Аяқасты ғайып болған Роллан мен Азамат туралы қысқаша хабарландыруларды әр жерден көруге болады. Баласын уайымдап, күйзелген ата-аналар көріпкелдердің көмегіне де жүгініпті.
Дегенмен, 5 жасар Азамат қаланың ескі бөлігінен сенбі күні күндізгі сағат екілер шамасында табылды. Суда жатқан баланың денесін әуелі балықшылар көріпті. Содан кейін олар судан құтқару қызметіне хабар жеткізеді. Қазір бейкүнә бүлдіршіннің денесін әке-шешесі жерлеуге ауылға алып кетіпті. Көршілері Азаматтың отбасындағы жалғыз ұл екенін айтты.

Бисенбай Жексенов
ТИТР: Судан Құтқару қызметінің бастығы
- Баланы сенбі күні тауып алдық. Біздің міндетіміз - баланы әке-шешесіне тапсыру, қалған полиция жасайтын жұмыс))

Бала табылған жерден 3 шақырымдай аумақ қазір жіті тексерілуде. Сүңгуірлер бірнеше топқа бөлініп, су түбін ғана емес, құрлықты да тінтуде.

Алексей Туз
ТИТР: сүңгуірлер тобының жетекшісі
- Қазір күн жылынып, өзен мұзы еріді. Іздестіру жұмыстары да аздап жеңілдеді. Бірақ, темір-терсек пен түрлі металл сынықтары кедергі келтіруде. Бала табылған жерді, жағалауды шарлап, іздестіріп жатырмыз. Мұз қатпаса, іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіле бермек.))

Былтыр 37 азамат суға батса, биыл бұл көрсеткіш 28 адаммен шектелген. Тұңғиық түбінде бақилық болғандардың 80% - мас күйінде суға шомылғандар. Жаздыкүні ыстықтан қашып, өзеннен сая табам деп көз жұмғандар көбейсе, олардың қатарын күн суыта балықшылар мен ойын баласы толықтырып отыр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.599 & 14 Сұрау