Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 430    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
1 Желтоқсан, 2009 09:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Цеснабанкке ұрлыққа түспек болған күдікті құрықталды


Астанада Цеснабанкке ұрлыққа түспек ниетпен, ғимараттың астынан үңгір қазған күдіктінің бірі ұсталды. 32 жасар елорда тұрғыны өткен аптада полиция қолына түсті. Ол банкті тонау үшін ұзындығы 74 метрлік үңгірді 15 ай қазғанын айтты. Бір жылдан астам уақыт бойы тынбай жер қазған ол 4 мың қап топырақ шығарған көрінеді.

Алайда, ғасыр ұрлығын жасамақ болған ұрылардың ойы іске аспай қалды. 74 метрге созылған үңгір ақша толы кассаға емес, басқа бір бөлменің астынан бір шыққан. Жасырын үңгір тамыз айында анықталды. Полиция күдіктінің бұл қылмысты жалғыз жасамағанына сенімді. Сондықтан оның сыбайластарын іздеу жұмысы жалғасуда.

ЗКТ: Жұмыссыздықтан осы қылмысты ойлап тапқан 32 жастағы астаналық 15 айдың ішінде 74 метрлік үңгір қазған. Ол үңгірді темір профқағаздармен рельс сияқты жабдықтаған. Бұл үңгірден жерді шығаруға ыңғайлы болу үшін. Әр он метр сайын жарық орналастырған. Алайда айлакердің бұл жоспары іске аспай қалды. Өткен тамыз айнында оның жасырын үңгірі анықталды. Ол үңгірдің бағытын шатыстырып алып, армандағы ақша тұрған сейфке емес, басқа бөлмеге баып тірелді. Күдікті салым жәшігін жалға алу туралы келісім жасағанда оның бәрін алдын ала қарап шыққан.

Тергеу барысында белгілі болғандай, үңгір шығатын жол «Байланыс-2» гараждар қоғамының гаражынан анықталды. Қазір елордалық полицейлер қолға түскен күдіктінің сыйбластарын іздестіруде.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6945 & 14 Сұрау