Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 578    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
1 Желтоқсан, 2009 13:29 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

Бокстен достық кездесу өтті


Өткен сенбі күні Абай атындағы облыстық кітапханада Ауған соғысының ардагері, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың құрметіне арналып Шығыс Қазақстан қалалары мен Ресей Федерациясының Сібір және Алтай өлкесі боксшілері арасында халықаралық достық кездесу өтті.

Намыстың құлы, Алаштың ұлы болған, қайсар, өр мінезді Бақытжан Ертайұлының өнегелі өмірі көпшілікке мәлім. Генерал Ертаевтың басты мақсаты - өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, оларды елі мен жерін құрметтеуге баулу. Осындай игі істі насихаттау мақсатымен Ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен, Семей қалалық әуесқой бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен достық кездесуде Ресейдің Сібір және Алтай өлкесінің Барнаул, Рубцовск қалалырының және ШҚО-ның жас боксшілері рингте өнер көрсетті. Кездесудің ашылу салтанатында сөз алған Бақытжан Ертаев барлық боксшілерге сәттілік тіледі. Генералмен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

СНХ: Бақытжан Ертаев
Халық Қаһарманы

Баталы құл арымас деген. Ауған соғысы жылдары Бақытжан Ертаевтың қол астында болып, өзіне жүктелген міндетін абыроймен атқарған Ауған соғысының ардагері Бейсенбек Қанайбек былғарықолғап шеберлерінің сайысына ұлы Заңғарды ала келіп, Бақытжан Ертаевтан бата алды.

Интершум. Бата.

Жарыстың ашылу салтанатынан кейін Бақытжан Ертаев бастаған Ауған соғысының ардагерлері Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Интершум.

10 салмақ дәрежесі бойынша командалық есепте сынға түскен спортшылар бесте бес есебімен тең түсті. Спорт достықтың кепілі. Екі ел арасындағы достықтың дәнекері болған мұндай кездесулер алдағы ауқытта да өз жалғасын табады,- дейді мамандар.

Ерзат Жанатұлы, Саят Тастанов, ШАБ.


Түпнұсқа

» 30 Қараша, 2009 08:35 Ертаев каз. / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.3919 & 15 Сұрау