Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 499    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 3 Дауыстар   
10 Желтоқсан, 2009 10:47 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Ұлттық бірлік доктринасы талқыға түсті


Бүгін БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының 13-ші сессиясы өткізілді. Жиынға ассамблея мүшелерімен қатар, түрлі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында Президент ұсынған ұлттық бірлік доктринасы кезекті мәрте талқыланып, өзекті пікірлер айтылды.

Айта кетелік, жинақталған 30-дан астам ұсыныстар алдағы уақытта бір жүйеге келтіріліп, Елбасы қарауына Астана қаласына жіберілетін болады. Тілшіміздің бейнематериалына назар аударайық.

Сессиялық отырыста небары 2 мәселе қаралды. Алғашқысы "Қазақстан Халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясының қорытындылары жайында, ал екінші мәселе - Елбасы ұсынған ұлттық бірлік доктринасы жобасы туралы болды. Жиында бірінші боп сөз алған Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Асқарұлы, жиылғандарды қазіргі күні ассамблеяның 15-ші сессиясында елбасымен бекітілген тапсырмалардың орындалу барысымен таныстырды. Оның сөзінше, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономикалық өрлеу және әлеуметтік жағдайдың барша қиындықтарын жеңу жолындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.
Нұрлан Ноғаев-облыс әкімінің орынбасары
- Қазіргі кезде біздің облыста доктринаның мән-маңызы толық талқылаудан өткізілді, жұмыстар жасалып жатыр, бәрі күшті..т.с.с...))

Орыс ұлттық мәдени орталығының жетекшісі, Ассамблеяның облыстық өкілдігі төрағасының орынбасары Сергей Погодин де өз кезегінде, Елбасының ерек құжаты, әр қазақстандық азамат үшін маңызды жоба "Бірлік Доктринасының" маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде, бірлік бар жерде, тірлік бар демекші, елімізде тұрып жатқан 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруі үшін доктринаның аса маңызды екенін нақты айтып өтті.

Сессия жұмысына сонымен қатар, Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, қазақ және славян ұйымдарының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Юрий Захаров та қатысты. Ол да өз алдағы уақытта ассамблеяның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін одан әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін көптеген ұсыныстарын келтірді. Ал сессиялық отырыстың соңында ассамблея мүшелері елбасының бірлік докринасын бірауыздан қолдайтындарын білдірісті. Ал жиын барысында айтылған 30-ға жуық ұсыныс алдағы уақытта доктринаға толықтырулар енгізу үшін Астана қаласына жіберілетін болады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5042 & 14 Сұрау