|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Жеңісті сатып алуға бола ма?Футбол клубы оралдық теңбіл доп шеберлерінің жеңісіне шүбә келтірген тілшіні бұл әрекеті үшін енді заалдында жауап бермек. Тебірентіп шындықты жазуға әуес басылымның тілшісінің мұндай пікір айтуына не себеп болды? Ақпарат көзі қай жақтан? Бұл сауалдарға тілшіміз Бағдад Ізмағанбет жауап іздеген болатын. Сан жылдар жоғарғы лигада ойын көрсетуге тырысқан Ақжайық командасының жеңісіне күмән келтірген пікір, 9-шы желтоқсан күні жергілікті газет басылымындарының бірінде шыққан болатын. Жағымсыз пікір Жайық жұртына жеткеннен ақ облыстың спорт басқармасы өкілдерімен спортшылар БАҚ өкілдерімен кездесті. Тілші Екатерина Литвякова негізсіз пікір айтты деген облыстың спорт жанашырлары журналисттің бұл әрекетіне наразы. Ерген Орынбасаров//Ақжайық спорт клубының директоры // - Біз оны сотқа береміз, оның жазғаны негізсіз...)) Екатерина Литвякова болса өзінің жеке пікір білдіргенін айтып ақталуда. Демократиялық елдің азаматы болғасын түрлі пікір айтуға толық құқымыз бар дейді ол. Екатерина Литвякова: Орал апталығы газетінің тілшісі: - Бұл менің жеке пікірім. Егерде мен ол команда туралы өзімше ойласам, сол ойымды жариялауға құқылымын. Жазғанымның барлығы негізсіз деп айта алмаймын. Келтірген ақпараттарымның барлығын қайдан алғанымды айта алмаймын. Бұл құпия түрде қалғаны жөн.)) Литвякова соттан сескеніп тұрмаған сыңайлы. Журналист ретінде өз ойымды айтуға толық мүмкіндігім бар деген пікірдегі қаламдасымыздың келтірген деректерінің қайдан екендігін біле алмадық. Ағымдағы жылдың маусымында ҚР 1-лига командалары арасындағы кездесуде 2-орын алып жеңіс тұғырынан көрінген Ақжайық командасы облысқа көптен күткен жетістікті әкелген болатын. Бауыржан Омаров: Ақжайық командасының ойыншысы: - Мен білмеймін неге олай жазғандарын....)) Көкшетаудың Оқжетпесін 3-2 мен жеңген Ақжайықтықтар болашақта ел сенімін ақтаймыз деп тағы шабыттанды. Алайда тер төгіп жаттығудың арқасында алған жеңісімізді бәз біреулердің сатып алды дегені өкінішті дейді команда ойыншылары. Қалай дегендеде Екатерина Литвякова ханым өзінің осындай ой-пікірін не себептен жариялағандығы туралы сот алдында жауап бермек. Ненің ақ, ненің қара екендігін уақыт еншісіне қалдырдық. Бағдад Ізмағанбет, Антон Астахов және Евгений Старцев.Тдк-42 Последние новости рубрики
20.10 (10:49) Олимпиадалық лицензия үшін күрес
12.10 (09:55) Алтынға бергісіз күміс 06.10 (16:16) Жеңімпазды қарсы алу 16.08 (12:19) "Барыс" турнир жеңімпазы 16.08 (10:29) Футбол. Ақжайықтың ірі жеңісі 15.08 (16:29) Трамплиннен секіру. Әлем кубогы 10.08 (11:21) Шайбалы хоккейден халықаралық турнир |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||