|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қаламгердің шығармашылық кешіКешке арнайы барып қайтқан тілшіміз толықтырады. "Мен-журналистпін" атпен өткен шығармашылық кеші мен "Мейірбан жүрек" кітабының тұсаукесеріне Айтқаным Ахметбекованың әріптестері, туған-туыстары мен өнерге, әдебиетке, мәдениетке жақын замандастары келді. Олар көпшілікке танымал қаламы ұшқыр журналист, мейірімді жанның толғанысымен бөлісуге асықты. Айтқаным Ахметбекованың түрлі тақырыпта жазған мақалалары мен жарық көрген кітаптарының оқырман үшін, әсіресе жастар үшін берер тәрбиесі зор. Айтқаным Ахметбековадан тәлім-тәрбие алып, журналистік ерекше қабілетіне, жүректен өтіп, жүрекке жеткен туындыларына тәнті болған оқырмандары ойларымен бөлісты. Бүгінде 2 кітаптың авторы атанған Айтқаным Ахметбекқызына Қазақстан журналистер одағының дипломы табыс етілді. интершум Айтқаным Ахметбекова бұрынға Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Қаламы қарымды журналист ретінде көпке танылып үлгерген ол - бүгінде республикалық "Абай" журналында бөлім меңгеруші болып қызмет етеді. Өзінің шығармашылық кеші алдындағы әсерін білу үшін асыққан біздер Айтқаным апайдың өзімен тілдестік. Кеш соңында Айтқаным Ахметбекқызы өзінің туындыларын сүйіп оқитын оқырман қауымға, шығармашылық кешті өткізуге ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді. Кеш қалалық филармония әншілерінің орындауындағы әсем әндермен, көркем күймен әрленді. Әсіресе, "Мейірбан жүрек" кітабына арқау болған Өскемен қаласындағы "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі Евгений орындаған ән көпшіліктің көңілінен шықты. Айжан Бужинова, Дидар Қоқанов ШАБ.
Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||