Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 344    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
14 Желтоқсан, 2009 10:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Мергендік жарыс


Бүгін Орал қаласы мектептерінің оқушылары арасында мылтық атудан жарыс оздырылды. Тәуелсіздік күні мерекесі мен кеңес одағының батыры Иван Коняхинді еске алуға арналған бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.

Құралайды көзге атқан мергендердің өнерін тамашалаған тілшіміздің репортажында толығырақ.

Қолға мылтық алған жас мергендер әр мектептің үмітін үкілеген өкілдері. Құралайды көзге атқан олардың қатары жыл санап артып келеді.

Биыл жарысқа қатысып, бағын сынағандар қатары өткен жылдардағыдан анағұрлым көп. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытатын 60-тан астам мектептің оқушылары бүгін мергендіктерін сынап, қазылар алқасы қойған талаптардан сүрінбей өтуге тырысуда. Осындай шараларды жие ұйымдастырудың арқасында облыстың атынан республикалық әскери сайыстарға шыққан болашақ сарбаздарымыз жүлделі орындармен қуантуда.

Роксана Сариева "Жасдәурен" балалар кешенінің тәрбиеленушісі. 6- жыл бойы осы үрдісті жарысқа үзбей қатысып келе жатқан қарындасымыз Әлиядай қазақтың батыр да, мерген қызы болам деген арманда.

Тағдырдың тәлкегіне түсіп, ата-ана махабатынан ада болған "Жас дәурен" балалар кешенінен жарысқа үнемі қатысатын команданың жыл сайын жүлделі орын алып жүргенін атап өткен жөн. Бұл бозбалалар мен бойжеткендер жарысқа орын алу үшін емес, әскерге дайындығын шыңдап, болашақта Отан қорғауға әзірлігін пысықтауда.

Бағдад Ізмағанбет, Манарбек Көшалиев, Александр Грабарев. ТДК-42


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4225 & 14 Сұрау