Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 804    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
14 Желтоқсан, 2009 16:13 ["Рика-ТВ" телеарнасы, Ақтөбе]

Қоян-қолтық ұрыс


Бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне қарасты "Динамо" спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Облыстық жарысқа аудан, ауыл, қаладағы ішкі істер құрылымдарының 20-дан астам құрама командалары жиналған. Боз кілем үстіндегі тартыс ел тәуелсіздігіне орайластырылды.

Қоян-қолтық ұрыс тәсілі жан-жақты. Қарсыластарға күрестің бірнеше түрін қолдана беруіне болады. Онда каратэ, таэкван-до белгілері де бар. Яғни аяқпен тебісу, самбо, қазақша, грек-рим күрестеріндегідей жамбасқа салу, кеудеден асырып лақтыру және бокстағыдай білектің күшін де пайдалана беруге болады.

Облыстық жарысқа ауыл, аудан, қаладағы ішкі істер бөлімдерінен барлығы 20-дан астам құрама командаға біріккен 150 полиция сақшысы қатысуға ниет білдірген. Солардың бірі криминалдық полиция қызметкері Нқржан Қобланов. Грек-рим күресі, самбо, президенттік көпсайыстарда топ жарып жүрген Нұржан енді қоян-қолтық ұрыста да күшін сынап, мүмкіндігін байқап көруге бекінген.

Бүгінгі жарысқа қатысушылар 56 келіден 95-ке және 95 келіден жоғары жалпы 8 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл сында үздік шыққан 8 полицей республикалық ішкі істер органдары арасында қоян-қолтық жарыстан өтетін жарысқа жолдама алды.


Түпнұсқа

» 11 Желтоқсан, 2009 09:15 10.ДИНАМО / "Рика-ТВ" телеарнасы, Ақтөбе

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.429 & 15 Сұрау