Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 481    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.25 Қайдан 4 Дауыстар   
21 Желтоқсан, 2009 11:39 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жаңа индустриялық-инновациялық бағдарлама


Президент тапсырмасы ізімен, жаңа индустриялық-инновациялық бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте машинажасау, химия өнеркәсібін дамыту және табиғи монополиялардағы тариф белгілеу мәселелеріне басымдық берілмек. Бұл ретте мемлекеттік қорғаныс саласын нығайтып, тапсырыстардың мерзімін нақтылау керектігі пысықталды.

Өңірімізге жасаған сапары шеңберінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысында осы мәселелердің бақылауға алынатынын баса айтты. Премьердің сөзінше, индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жасау бүгінде аяқтала келді. Жыл аяғында бұл жұмыстардың жай-жапсары Нұр Отанмен біріге нақтыланып, барлық бағдарлама Президентке ұсынылмақ. Осылайша, Президенттің «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде берген тапсырмалары орындалып, елімізде индустрияны дамыту бойынша алдағы 10 жылға жіті және айқын бағдарлама жасақталды.

Мемлекеттік қорғаныс саласына берілер тапсырыс көлемі қомақты болуы және уақытымен тапсырылуы керек. Сонда ғана осы сала кәсіпорындары тығырыққа тірелмей, өз ісін байыппен жүргізе алады. Сонда ғана еліміздің тыныштығын қорып, бейбітшілікке қорған болар құзырлы қызметтердің жұмысы да қарқын алмақ. Алайда, бұл жұмыстар белгіленген мерзімінен әлдеқайда кеш өткізіледі. Осының кесірінен жұмысы тоқыраған шағын кәсіпорындар дағдарысқа тап болған түрі бар.
ВЯЧЕСЛАВ ВАЛИЕВ
ТИТР: зенит директоры
Мемлекеттік қорғаныс ісіне берілер тапсырыс көлемі ел бюджеті талқыланғаннан кейін араға 2 ай салып, белгіленуі керек. Өкінішке орай, қорғаныс саласына тапсырыс жаздың ортасында ғана нақтыланды. Бұл жайбасарлық көптеген кәсіпорындар үшін ауыр тиді. Олардың көбісі күйреудің аз-ақ алдында тұрды. Біз өзіміздің жұмысымызды жоспар бойынша жүргізгендіктен, бұл қиындықтан өзімізше құтылдық. Екі айдан кейін берілген тапсырысты сәтті орындап тапсырдық. Алайда, қаражаттың бұлайша кешеуілдеп бөлінуі көптеген кәсіпорындарға ауыр тиді.))
Әсет Исекешев
ТИТР: Индустрия және сауда министрі
Қазір бұл іс оңтайлы шешілді. Қорғаныс саласына тапсырыс туралы заңға мемлекет басшысының өзі қол қойып, бекітті. Биыл орын алған қиындықтар енді қайталанбайды. Ал қаржыландыру жұмыстары бюджетте қарастырылған қаражаттың мөлшеріне қарай жүргізіледі.))
Дегенмен, елімізде машина жасауды дамытып, қорғаныс және экспорт өнеркәсібіне қолдау көрсету қажет-ақ. Пікірін осылай жеткізген Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасын табуы керектігін түйіндеді.

ТИТР: ҚР Премьері
- Біз машина жасауды жалпылама түрде дамыта алмаймыз. Бұлай етер болсақ, жұмысымыз жеміссіз аяқталады. Сондықтан, машина жасау саласы мен қорғаныс өнеркәсібін ең алдымен эскпортта сұранысқа ие бағытта өркендетуіміз керек. Бұл үшін мемлекеттен түсер тапсырыстар мәселесін жолға қою қажет. Өйткені, еліміздегі күш-құрылымдары бюджеттен қорғаныс үшін қаржы сұраса да, тиісті ақшаны алған соң, өздерінің ішкі шаруаларын шешуге жұмсайды, сөйтіп, бөлінген қаражат құмаға сіңген судай ғайып болады. Сондықтан, болашақта осылай қалыптасқан бюджет жүйесін өзгерту қажет. Бұл іске барлығымыз бірге жұмылып, алдағы 2010-жылдың бюджетін нақтылау кезінде ескереміз деп отырмыз))

Әу басында суасты іздеу жұмыстарын жүргізіп, сапердің жұмысын жеңілдеткен мұндай құрылғылар қазір бейбіт мақсатта пайдаланылады. Кәдімгі су шаянын еске салатын "Омар" құрылғысы жүздеген метр тереңдікте су түбінде жатқан мұнай құбырын тексеріп, оларды жөндей алады. Құны миллион доллардан кем түспейтін құрылғы қазір сатып алушының жоқтығынан ескірген. Тапсырыс түспегендіктен, қаңтарылып тұрғанына он жылға жуықтаған.

Александр
ТИТР: "Гидроприбор" ҒЗИ директоры
- Мұндай құрылғылардың құны 1 млн.доллардан 3 млн.долларға дейін барады. Өкінішке орай, елімізде мұндай қондырғыларды пайдаланатын өндіріс орындары жоқ. Украиндан түскен жалғыз сұраныс сәтсіз аяқталды. Осындай аппараттар жасап шығаратын көршілес Ресейде бұл сала оң жолға қойылған.))

Жиын соңында үкімет басшысы экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысын қорытындылады. Журналистерге берген сұхбатында бұл бағыттағы жұмыстар арнайы бағдарламада қамтылатынын айтты.

К.Мәсімов
ТИТР: Премьер
- Қазір бұл бағдарлама аяқтала келді. Жылдың соңына дейін тағы бір мәрте талқылап, пысықтаймыз. Бұл ортақ іске Нұр Отан да қатыспақ. Осылайша, партияның 12-съезінде тапсырылған жұмыстарды ойдағыдай аяқтаймыз деп сендіргім келеді.))

Еліміздегі химия өнеркәсібінің де жағдайы мәз емес. Қазір бұл саланың үлесі еліміздегі ЖІӨ-нің небары жалғыз пайызын құрайды. Ал мұнайхимисяы саласына қажетті өнімдердің 73% шеттен әкелінеді екен.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4129 & 14 Сұрау