|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Баға саясатыОсылайша, жекелеген тағам түрлерінің бағасы өзге өңірлермен салыстырғанда төмен бағамен сатылуда. Бұл ретте, нан мен ет өнімдерін, шай мен тұзды айта кетуге болады. Аса маңызды санаттағы азық-түліктің бағасы да республикалық орта көрсеткіштен төмен. Бұл санатта, қияр, алма, апельсин секілді көкөністерді айта кетуге болады. Мұндай оң ахуалдың қалыптасуына облыс қажеті үшін отандық өндірушілермен өсімдік майын, қант пен тұзды әкелуге келісімнің жасалуы себеп болыпты. Өңірдегі баға саясаты орнықты екендігін Премьер де жоққа шығармады. Кәрім Мәсімов ТИТР: ҚР ПМ - Елбасының тапсырмасымен Батыс Қазақстан облысында дағдарысқа қарсы қабылданған бағдарлама жақсы нәтиже берді, жағдай тұрақты. Барлық сала бойынша оң өсім бар, бұл тұтастай алғанда оралдықтар келер 2010-жылды бақуат қарсы алатынын білдіреді. Мемлекет басшысының бензин бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы да орындалды. Еліміздің өзге аймақтарындағыдай Оралда да бензин бағасы белгіленген бағамда тұр. Бұл да жасалған жұмыстың игі жемісінің көрсеткіші.)) Дегенмен, қуат құны біртіндеп қымбаттайтын болады. Әлбетте, инфляция деңгейін ескере отырып... Бұл ретте алдымен электр қуаты, жылу көзі және жүк тасымалы шығындары. Нұрлан алдабергенов ТИТР: ҚР ТМРА төрағасы - Талапқа сай технкалық шығындардың жалпы көлемі 1 млрд.тг құрап отыр. Электр қуаты 730 млн.теңге, ал жылу шығыны 1 млрд.тг-ден аз-ақ асады. Бұл ішкі резервте қарастырылған қуат көздері. Электр қуатының бағасы алдағы екі жылдан бастап өзгереді. Бұл өзгеріс 8-ден 11 пайыз аралықты құрайды. Сонымен қатар, темір жол тасымалының бағасы да құбылмақ. Біз бұл саладағы баға өзгерісін жыл сайын 15 пайыздық межеде белгілеуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар 2014-жылға дейін жалғасады. Алайда, инвестициялық міндеттемелерді өз мойнына алған компания берген уәдесін орындаса ғана темір жол ақысын арттырамыз.)) Айта кетелік, келер жылы еліміздегі ЖҚО қондырғыларының 90% тозығы жетіп, істен шығуы мүмкін. Қуат жетімсіздігін қамтамасыз ету үшін елімізде жиырмадан астам стансаны қайта салып, осынша көлемде жаңа орталық салу көзделіп отыр. Бұған керекті қаражат та қомақты - 2 триллион теңгеден асады. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||