|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Инспектор-гинекологКіндігін полицейлер кескен шаранаға Еуразия деп ат қойған бүлдіршіннің әке-шешесі мұны жол сақшыларына деген құрметпен түсіндіріпті. Назар аударалық. Руслан Сапарғалиев ТИТР: Жол полициясының инспекторы - Ондай оқиға болады деп ойламаппын... Бәрі аяқ астынан болды...)) Жігітке жеті өнер де аз... Дәл осы сөзді жол полициясының инспекторы Руслан Сапарғалиевке қатысты айтуға әбден болады. Шіліңгір шілдеде оған көмекші-акушер болуға тура келді. Қала іргесіндегі полиция бекетінің кезекші-инспекторы бекеттен асып барып тоқтаған автокөлікті байқайды. Көлігін айналшықтап, әуреге түскен жүргізушіден күдіктенген ол жолаушыларға жақындап жөн сұрайды. Руслан Сапарғалиев Жол полициясының инспекторы - Машинаға бардым, жүргізушісі салонда бір әйел толғатып жатыр, үлгірмейміз деді. Сосын, көмектестім. Бірден рациямен хабарласып, скорый шақырттым. Олар да көп кешіккен жоқ, 15-20 минутта келе қалды.)) Көлік жолаушылары Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғындары екен. Толғақ қысқан келіншекті перзентханаға жеткізуге уақыт тығыз болғандықтан, полицейлердің өздері дәрігер ретінде көмек көрсетуге кіріседі. Суыт қоңырау ізімен жеткен жедел жәрдем күймесі жас ананы көп кешіктірмей сәбиімен ауруханаға апарады. Руслан Сапарғалиев Жол полициясының инспекторы - Толғақ қалай болады деп уайымдадым, өмірге адам келу қиын нәрсе ғой. Кейін дәрігерден сұрап білдім, баланың жағдайы жақсы. Ал жолдастарым маған әзілдеп сен енді полицей ғана емес, акушер-гинекологсың деген де должность беріп жатыр.)) Қолы жеңіл жол сақшыларының арқасында, толғақ жеңіл өтіп, дүниеге қыз келді. Шарананың ата-анасы перзентханаға бергісіз полиция бекетінің Азия мен Еуропа құрлығы арасында орналасқанын ескеріп, бөпесінің атын Еуразия қоймаққа уағдаласыпты. ((В КАДРЕ осылайша Рубеж бекеті перзентханаға айналды. Мұндай жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын да орын алған еді.)) Полицейлер үшін мұндай жағдай таңсық емес, биылғы жазда жол сақшылары айырбас пунктін тонаған қарулы қарақшыны құрықтады. Кассирді жарақаттап, 40 мың долларды олжалаған қаныпезердің кейін осындай жолмен ақша табу үшін көрші елден келгені мәлім болды. Мейрамгүл Сұлтанғалиева ТИТР: БҚО ІІД ЖПБ инспекторы -Мұндай жағдайлар біздің қызметте жиі кездесіп тұрады. Қала шетіндегі жол полициясы бекетінің инспекторлары бірнеше жүкті әйелді аман-есен босандырып алды. Биылдың өзінде мұндай жағдай екінші мәрте қайталанып отыр. Бұл біздің жігіттердің қандай қиындықта да өз ісіне берілген біліктілігінің көрінісі.)) Өздерін жаңа қырынан танытқан инспекторлар тосын жағдайға икемділігін көрсетті. Енді жол сақшылары алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетумен қатар, акушерлікті меңгерсе де артық етпесі анық. Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||