|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Президент шыршасыБиылғы жылғы шырша тойының ерекшелігі онда Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың ертегі әлемінен сыр шертілді. Аяз ата мен ақшақардың әңгімесіне қаныққан балалар бағалы сыйлықтардан да құр алақан қалмады. Тілші: Дәстүрлі шырша тойы биыл Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылды. Президенттік шыршаға» 9 бен 13 жас аралығындағы барлығы 150 бала қатысты. Жас қонақтар үшін мереке - достықтың ертегі әлеміне жол ашатын қызықты саяхаттан басталды. Олар бақыттың құпиясы жасырылған Алтын кітапты іздеп, жол бойы әлем халқы ертегілеріндегі кейіпкерлерге жолықты. Саяхат соңы бүлдіршіндерді жаңажылдық шырша, Аяз ата мен Ақшақар тосып отырған әсем залға алып келді. Т: Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған Жаңа жыл мерекесін, елордалық Оқушылар сарайының өнерпаз ұл-қыздары одан сайын қыздыра түсті. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан көпұлтты елдің нышаны ретінде балақайлар Қазақстанды мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің әндерін шырқап, билерін биледі ИНТЕРШУМ Т: Жылдағы дәстүрге сай, президент шыршасы еліміздің барлық жәрінде бір мезетте өтеді. Сондықтанда елбасы балаларға арналған жаңа-жылдық құттықтауын әдеттегідей теледидар арқылы жолдады. СНХ Назарбаев Т: Елбасының құттықтауынан соң Мерекелік шара «тәтті» дастархан басында жалғасты. Шыршаға қатысқан әр бала сыйлыққа ноутбук, мектепке қажетті құрал-жабдығы бар сөмкелер, сондай-ақ әрине тәттіге толы қалталар алды. Нұржан Сопбеков, Ғанизат Оспанов ТДК 42 телеарнасы Астанадан Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||