Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 531    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.75 Қайдан 8 Дауыстар   
29 Желтоқсан, 2009 09:36 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жасыл шырша жанында


Жаңа жыл мерекесі - әр баланың асыға күтер мейрамы. Бүгінде барлық білім беру мен тәрбие орындарында жаңажылдық шырша құрылып, жылына бір келетін мерекені тойлау кештері жалғасуда. Өткен демалыс күндері облыстағы көздері нашар көретін және көрмейтін балаларға арналған мектеп-интернат кешені думанды кешті Жастар Мәдениет Үйінде атап өтті.

Бұл жолы мүмкіндіктері шектеулі балғындар аты шулы Аяз атадан ғана емес, "ӨЖК" Серік" ЖШС әзірлеген сыйлықтарға да ие болды. Келесі сюжетімізде.

Облыстық көздері нашар көретін және көрмейтін балаларға арналған салтанатты жаңа жыл биыл ЖМҮ-де ұйымдастырылып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін біріңғай мерекелік думандар, өздері сынды балғындармен тілдесіп, шексіз қуаныштарын бөлісудің бірден бір жолы десек қателеспейміз. Мектеп-интернат кешені мамандарының сөзінше, дәл осындай мейрамдарда көздері нашар көретін жеткіншектер жүректерінен шыққан барлық жылы сезімді жеткізуге,өзге балалармен әлдеқайда тығыз қарым-қатынас орнатып, бір бірін құттықтауға тырысады. Сондықтан да бүгінгі кеш, әсіресе маңызды.

Осындай іс-шаралар аяз ата мен Ақшақардың сыйлаған көтеріңкі көңіл-күйі мен концерттік бағдарламасынан бөлек, жомарт көңілді демеушілердің дайындаған сыйлықтарымен ерекшеленері хақ. Өйткені қамкөңіл балғындарға бір ғана мемлекет, тарапынан ғана емес, қалталы кәсіпкерлер тарапынан да ұдайы көңіл бөлініп тұруы шарт. Бұл орайда, бір де бір мейрамды қапы қалдырмай, қаншама жылдан бері бала біткенді сый-сияпатпен қуантып келе жатқан "Серік" ЖШС-н ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі салтанатқа да аталмыш серіктестік, өзінің демеушілік көмегін көрсетіп, мүмкіндіктері шектеулі балаларды бір қуантып тастады.

Бұл күн балалар мен көздері нашар көретін оқушылар мектебінің ұжымы, сонымен қатар "Серік" ЖШС-гі қызметкерлерінің есінде көпке шейін сақталары анық. Өйткені олар шын мәнінде қамқорлықты қажет ететіндерге естен кетпейтін мереке сыйлады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.384 & 14 Сұрау