|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Асыға күткен мерекеЖаңа жыл - баршаның сүйікті мейрамы. Әсіресе, балалар бұл кезде ғажайыпқа сеніп, ең ізгі тілектерін жолдайды. Бүгін мына бүлдіршіндердің арманы орындалып отыр. Олар әр баланың қалауы - Президент шыршасына жиналды. Жаңа жылдық жарқын кешке алғаш келген жетім және ата-ана қарауынсыз қалған, көпбалалы отбасылардан барлығы 150 бала ертегілер әлеміне түскендей болды. Түрлі жаңа жылдық костюм киген балғындар Самұрық құсы мен Аққу ханшайыммен бірге ғажайып әлеміне бойлады. Интершум Жааңа жыл мейрамы Аяз ата мен Ақшақарсыз өтпеген. Мерекеге қатысушылардың баршасы қосылып, жаңа жылдың басты кейіпкерлерін ортаға шақырды. Осы кезде жақсылық пен зұлымдық айқасқа түсіп, нәтижесінде жақсылық жеңді де, Аяз атаның сиқырлы таяғы қайтарылды. Атасы мен немересі қосылып кішкентай достарын жаңа жылмен құттықтады. Еліміздің кішкентай азаматтары бұл кеште экран арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын да тыңдады. Елбасы «сендер жақсы білім алуға ұмтылуларың керек. Сонда ертең үлкен азаматқа айналып, болашақтарың жарқын болатынына сенемін деді. Син: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Мерекені балалармен бірге тамашалауға келген облыс әкімі де балғындарға ізгі тілектерін жеткізді. СНХР: Серік Біләлов - СҚО әкімі Балалар да өз кезегінде құр алақан қалмады. Өңір басшысына алғыстарын жаудырып, 2010 жылдың нышанын сыйға тартты. Шыршаға келген балаларға тағы бір жағымды сыйлық жасалды. Елбасының атынан жаңа жылдық кеште барлық кішкентай қонақтарға сыртқы және спорттық киім-кешек, мектепке қажетті керек-жарақтар, ойыншықтар мен тәттілер толған қоржын тарту етілді. Әдемі безендірілген сахнада өңіріміздің өнерлі балалары ән айтып, би билеп, мерекені қыздыра түсті. Түрлі ұлттардың киімін киген бүлдіршіндер еліміздің басты байлығы - ұлтаралық достық пен татулықты паш етуді де ұмытпады. Интершум Мерекенің көркі - шыршаны жағу үшін барша қауым Аяз атаның жаңа жылдық бақшасына қарай ойысты. Интершум / жағылады/ Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер өңір басшысымен бірге әдемі безендірілген шыршаны айналып, би билеп ән айтты. Кезек ойындар мен байқауларға да жетті. Дәстүр бойынша «Ең үздік жаңа жылдық костюм» анықталды. Барлық жеңімпаздар магнитола, үй кинотеатры, музыкалық орталықтарға ие болды. Ал бас жүлдені жеңіп алған Айыртау балалар үйінің тәрбиленушісі Елена Ивановаға теледидар тарту етілді. Оның көздің жауын алатын костюмі жиналған қауымның көңілін аудармай қоймады. Елена Қазақстанның гүлденуін бейнелейтін гүл кейпіне еніпті. Костюмді әзірлеуге бір айға жуық уақыт кеткен. СНХ Елена Иванова / Костюмнің бәріне ұнағанына қуаныштымын. Оны еңбек мұғалімі Светлана Владимировнамен бірге дайындадық.. Бүгін ғажайып мерекенің куәсі болдық. Осындай мейрам сыйлағандарға үлкен рахметімді айтқым келеді. / Жаңа жылдық кеш өңіріміздің әр бұрышынан келген бүлдіршіндер үшін ұмытылмас мереке болды. Блиц Шыршаға келген балғандар өңір басшысымен естелік суретке түсті. Мереке мұнымен аяқталған жоқ. Балаларға ас беріліп, кейін олар қаламыздың айшықты орындарын тамашалады.
Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||