Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 432    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.60 Қайдан 5 Дауыстар   
30 Желтоқсан, 2009 12:49 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

«Ең үздік жаңажылдық безендіру»


«Ең үздік жаңажылдық безендіру» байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені иеленген С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жүлденің 3 миллион теңге көлеміндегі сыйақысын әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларынан шыққан студенттерге оқуларының ақысын өтеп беруге жаратпақ.

Университет ректорының айтуынша, аталмыш сома қаржылық қиындықтарға байланысты оқу ақысын өтей алмай жүрген - әлеуметтік жағынан әлсіз және көпбалалы отбасылардан шыққан студенттердің университет алдындағы «борыштарын» өтеуге жұмсалатын болады.
Осылай, шамамен 25 студент қаржылық көмек алады деп жоспарлануда. Сонымен бірге, жарты жылдың қорытындысы бойынша оқу ақысын төлей алмай күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысқан студенттерді де, бір жылдық оқуларының ақысын төлеп беру арқылы бұрынғы оқуларына қайта шақыртып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал іріктеу, қалыптасқандай тек үздік студенттердің арасында ғана жүргізілмейді. Өйткені, ректордың айтуынша, орта білімді студенттердің арасында да университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып жүргендері көп.
Естеріңізге сала кетейік, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елордадағы мекемелер мен бизнес субъектілерінің арасында өткізген «Ең үздік жаңажылдық безендіру» байқауында бас жүлдені иеленген болатын. Жүлденің марапаты - «Бәйтерек» мүсіншесін оқу орнының ректорына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев желтоқсанның 25-і күні Тәуелсіздік сарайында өткен Жаңажылдық кеште салтанатты түрде табыс еткен еді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3813 & 14 Сұрау