Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 406    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
5 Қаңтар, 2010 10:21 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Мерекелік думан


Жаңа жылды қалалықтар облыс және қала басшылығымен бірге қарсы алды. Биыл да бұл мейрам жылдағыдай бір мезетте бірнеше жерде тойланды. "Орал" ойын сауық кешені, Абай алаңы, сонымен қатар, темір жол вокзалы аумағында өткізілген мерекелік бағдарлама думанға ұласты.

Қала тұрғындары облыс өнерпаздары қойған концерттік бағдарламаны тамашалады. Қалалықтарды мерекемен құттықтауға облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы арнайы келді.

Орталық алаңда театрландырылған көріністер мұндағы көрерменнің көңілінен шықты. Ән мен жырдан шашу шашылып, күмбірлеген күй төгілген бұл мекен ізгі -тілектер мен игі ниеттер тоғысқан лебіздер ортасы болды. Алдымен қалалықтарды облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтады.

Күлкісі жайдары қалалықтардың көтеріңкі көңіл күйін, тіпті құбылмалы ауа-райы да бұза алмаған тәрізді. Облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалауға жиылған қалалықтар бірін-бірі құттықтап, қосылып Жаңа жылдық әнді де шырқады.

Абай алаңына жиылған қалалықтар мерекелік концерттен соң сағат тілі дәстүрлі мерзімге тақағанда қала аспанында өрнектелген мерекелік отшашуды тамашалады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5447 & 14 Сұрау