Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 417    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар   
11 Қаңтар, 2010 10:00 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Жаңа Жыл түні...


Ішімдікке үйір азаматтардың қатары әлі азаяр емес. Бұл деректі жедел жәрдем дәрігерлері растап отыр. Жаңа жыл түні осы қызметке басы ауырып, балтыры сыздаған жандардан 400-ден астам шақырту келіп түсіпті. Айта кетелік, осы суыт қоңыраудың жүзден астамы - отты суды мөлшерден көп ішіп қойып, жағдайы жайсыз болған азаматтар.

Бір өкініштісі, ащы суға ашқарақтық танытқан бір азамат көз жұмыпты. Мас күйінде көшеде жүріп, тоңып, домбыққанын байқамай қалғандар да жедел жәрдем көмегіне жүгінеді екен. Келесі сюжетімізде толығырақ...

Мереке күндері дәрігер көмегіне зәру осындай суыт қоңыраулар саны 400-ден асыпты. Көбісі - жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққан азаматтар. Керекті мекен-жайды тез табу оңай іс емес. Толассыз көлік кептелістері мен қардан тазартылмаған көшелер - шектеулі уақыттың соры. Жаңадан салынған ықшамаудандардан жөн табу қиынның қиыны дейді жедел жәрдем жүргізушілері.

Юрий Бакалдин
ТИТР: жедел жәрдем жүргізушісі
- Суыт қоңырауға асығып бара жатқанда жол беріп, ілгері өткізіп жіберетін жүргізушілер қазір жоқтың қасы. Тәжірибелі жүргізушілер ізет көрсетсе де, әдепсіздік танытқан жастар әдейі қосып қойған жарық белгілеріне де елең етпейді. Жаңадан салынған үйлердің аулалары автотұраққа айналған, біреудің көлігін түйіп кетем бе деп қорқып, жүйкеміз жұқарды. Тиісті мекенге тез жетпесек, науқастың халі қиындай түсері анық. Осы жағдайды жүргізушілер қаперге алса екен.))

Ауа райының күрт құбылғанын аға буын ауыр қабылдайды. Осындай суыт қоңыраулардың көбісі қариялар мен баласы сырқат ата-аналардан келіп түседі. Дәрігер көмегіне мұқтаж болған мына азаматтың қан қысымы ине шаншығаннан кейін араға минуттар салып, қайта қалпына келді.

Жаңа жыл түні қашан да қарбаласқа толы. Ішімдікті мөлшерден тыс асыра сілтегендер амалсыздан дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Мереке күндері тәулігіне 400-ден астам қоңырау түссе, соның жүзден астамы - ащы суды шектен тыс ұрттаған азаматтардан екен. Осындай ашкөздіктің кесірінен мереке түні бір азаматтың өмірі қиылыпты. Дегенмен, қоңырау жиілейтін кез - жұрт жұмыстан қайтар уақыт.

Айман Сариева
димспетчер
- Кеште және түсте көп шақырту болады бізде.))

Айман Сариеваның жедел жәрдем қызметінде істегеніне 35 жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде ол қабылдаған суыт қоңыраулар қатары миллионнан асады. Бірақ, осыдан он жыл бұрын өзі жолдаған жедел жәрдем бригадасы бастан өткерген қайғылы жағдай естен кетпейді.

Айман Сариева
димспетчер
- Жігітті есікті ашып, ішке кіргізген де, пышақты кеудесіне бойлата сұғып, кері шығарып жіберген. Жаңа келген еді медучилище бітіріп, қайтыс болды ақыры есін жимай...))

Қазір жедел жәрдем стансасында бас-аяғы 19 арнайы көлік бар екен. Қала мен шаһар іргесіндегі елді мекен тұрғындарына көмекке аттанатын да осылар. Егер тәулігіне 400-ге тарта қоңырау түсетінін ескерсек, 19 көлікті әлі біраз уақыт күте тұруға тура келетін түрі бар.
Флаги блока:


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6125 & 14 Сұрау