Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 349    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
11 Қаңтар, 2010 12:01 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Отқа оранған кешен


Бүгін Астананың қақ орталығындағы тұрмыстық қызмет көрсету кешені отқа оранды. Қызыл жалын - түскі сағат он екінің кезінде тұтанған. Төрт қабатты ғимаратта орынды жалға алып, қызмет жасайтын жүздеген қызметкер дереу тысқа шығарылды.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

От - бірінші қабаттағы мына тігінханадан шықты. Ал өрт сөндірушілер жетем дегенше, тілсіз жау 30 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген. Жичаздар күлге айналып, ал құны қымбат киімдер іске алғысыз боп шыға келді. Сәтін салғанда, адамдар аман.

РУСЛАН КЕЛШІБАЕВ
Астана қалалық өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары
-3 адам құтқарылды, 9 эвакуацияланды.

МӘТІН; Ер азаматтарға арнап киім тігетін шағын нысанның қожайыны үнді азаматы. Тігінханада бір костюмнің құны 2000 АҚШ доллары тұратынын ескерсек, кәсіпкердің шығынға белшеден батқаны анық.

МӘТІН; Абай даңғылындағы тұрмыстық қызмет көрсету кешенінен 90 кәсіпкер орынды жалға алып отыр. Бүгінгі оқыс оқиғадан кейін, ғимаратты полицейлер қоршауға алып, онда ешкімді кіргізбеді.

МӘТІН; Сондықтан сатушылар 3 сағат бойы 20 градустық аязда далада тоңып тұруға мәжбүр болды.

Тез жылдамдықпен таралған от дер кезінде өшірілді. Енді мамандар мекеменің өрт қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтағанын жіті тексеріп шықпақ. Олқылық анықталса, ғимарат уақытша жабылуы да мүмкін.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4034 & 14 Сұрау