Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 651    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.50 Қайдан 2 Дауыстар   
11 Қаңтар, 2010 14:03 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

«Қысқы ертегі - 2010»


Семейде осы күндері мектептердің аулаларында оқушылар мен мектеп қызметкерлерің шебер қолдарынан шыққан қардан жасалған түрлі мүсіндерді тамашалауға болады. Жыл сайын «Ең үздік қар қалашығы» атты облыстық, қалалық конкурстарға белсене қатысып жүрген қаламыздағы нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының ұжымы биыл да өз шеберліктерін көрсете білді.

Интершум

Мына балалардың алаңсыз шаттыққа толы көңіл-күйлеріне қарап, оларға әсер беріп тұрған ауладағы мына мүсіндер ме деп ойлайсыз. Жыл сайын «Мұз ертегісі», «Сүйікті мультфильм кейіпкерлері», «Жануарлардың жыл басына таласуы», «Табиғат әлемі», «Қысқы ертегі» сияқты облыстық, қалалық конкурстарға үзбей қатысып келе жатқан мектеп-интернат ұжымы өздерінің үздік нәтижелерімен, талай жетістіктерімен мақтана алады. Биыл олардың мұз қалашықтарын жасап келе жатқандарына 10 жыл толды.

СНХ: Мұрат Шақабаев
Нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының директоры

Қар қалашықтары мен қардан түрлі мүсіндер жасау балалардың эстетикалық талғамын арттырып, салауатты өмір сүруге, табиғатты сүюге тәрбиелейді. Оқушыларды еңбекқорлыққа баулып, өнегелі тәрбие, сапалы білім беруде үздік танылып жүрген ұстаздар қауымы оқушыларының қуанышына ортақтасты.

Интершум

Сабақтан тыс уақыттарда қоғамдық жұмыстармен айналысу, қолөнер шеберліктерін жетілдіру - нашар еститін оқушылардың сөздік қорларын көбейтуге, тілдерін дамытып, білімдерінің шыңдалуына ықпал етеді.

СНХ: Меруерт Алашханова
№4 мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы

«Қысқы ертегі - 2010» қар қалашығы конкурсының қорытындысы ақпан айында белгілі болады. № 4 мектеп-интернаты ұжымының қысқы қалашығы балалардың қиял-ғажайып ой-түйсіктерімен жылдан - жылға ерекшеленіп келеді. Олардың қалашығы сайыста биыл да үздік шығады деген үміттеміз.

Айнұр Құнанбаева, Саят Тастанов
ШАБ.


Түпнұсқа

» 6 Қаңтар, 2010 10:54 қалашық / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5025 & 15 Сұрау