|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Үкімет басшысының тапсырмасыШекаралас Ресейде баға сақақтап тұр. Онымен қоса, белгілі болғандай еліміздің оңтүстік-батыс өңірлерінде кедендік шекаралық бекеттер арнайы жабдықпен қамтылмаған. Көбінде адам тапшылығы да орын алуда. Бұл мәселе жаңа жылда алғаш өткен Үкіметтің селекторлық отырысында талқыланды. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік одаққа біріккеніне бір аптадан асты. Енді осы жылдың 1-і шілдесінен бастап шекара ашылып, алыс-беріс, келім-кетім өзара жүре бастайды. Ол кезде ішкі шекарадағы тәртіпті тек шекарашылар ғана бақылайтын болады. Ал кеденшілер сыртқы өңірлерге жолданбақ. Алайда бүгінгі селекторлық отырыста мәлім болғандай, Қырғызстанмен шекараласып жатқан Жамбыл облысының көптеген бекеттерінде жарық жоқ, кедендік жабдықтармен толық қамтылмаған, онымен қоса адам тапшылығы да орын алуда. Мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысында да жоқ емес. Бірақ бұл өңір басшылығына міндеттелетін тапсырма басқа мәселеде өрбіді. Үкімет басшысын Батыс Қазақстанмен өңірімен шекараласып жатқан Ресейдегі қымбатшылық алаңдатып отыр. Кәрім Мәсімов ҚР ҮБ - Таразбен салыстырғанда сіздерде қазір басқа проблема тұр. Онда біз шекараны ашып жатырмыз. Ал көршілес Ресейдегі баға асқақтап тұр. Сондықтан өңірдегі азық-түлік, жанар-жағармай бағасының қымбаттап кетпеуін қатаң бақылауда ұстаңыз. Бақтықожа Ізмұхамбетов -БҚО әкімі - Кәрім Қажымқанұлы біз бұл мәселені назарда ұстаудамыз. Ал Тараздағыдай Кеден бекетіндегі жағдай біз де бар. бірқатар жерлерде бекеттерді жаңарту керек. Жалпы алғанда кедендік қызметті модернизациялауға екі-үш жыл ішінде 43,5 млн доллар жұмсалмақ. Ал сыртқы шекараны нығайтуға 100 млн ақш доллары көлемінде қаржы қажет. Онымен қоса, 800 млрд теңге индустриялдық жобаларды жүзеге асыруға жоспарланып отыр. Бұл 134 жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы. Нәтижесінде 17 мың тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Ал Батыс Қазақстан облысында 9 индустриялдық жоба жоспарда бар. Екеуі республикалық деңгейдегі жоба. Олар- алдағы сәуір айында құрлысы басталатын газқұбыр станциясы және малөсіру кешені. Бұл кешен жыл сайын 2 мың тонна сиыр етін шығарады деп жоспарлануда. ҚазАгроның болжамынша, аталмыш кешен осы жылдың 1-і шілдесінде салынып бітеді. Последние новости рубрики
13.12 (11:34) Қазақстан пен Литва арасындағы ынтымақтастық
12.12 (12:22) Алматы метросы - жылдың ең үздік жобасы. 08.12 (10:37) Елордада елміздегі ең үздік тауар көрме-байқауы басталды 29.11 (10:36) Қазақта жер көп бірақ халыққа беретін телім жоқ 21.11 (12:11) Самұрық Қазына қоры 2012 жылғы сатып алу науқанын бастады 11.10 (09:26) Биыл ел диқандары 25 млн тоннаға астық жинауды болжап отыр 05.10 (14:07) "Казэнерджи" Еуразиялық форумы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||