Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 357    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 3 Дауыстар   
12 Қаңтар, 2010 09:33 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Табысты болжам


Алдағы жыл өңіріміздің ауылшаруашылығы саласы қызметкерлері үшін табысты болатын түрі бар. Өткен жылы осы салаға 5 миллиард теңге тартылды. Бұл қаржыға қажетті техникалар сатып алынып, облысымызда іске асырылып жатқан ірі жобаларға қолдау көрсетіледі.

Мамандар бұл демеу биыл атқарылар жұмыстарға оң ықпалын тигізбек деген сенімде. Назар аударалық.

Жергілікті және республикалық бюджеттен өткен жылы бөлінген қаражат 5 млрд.теңгеден асты. Оның 1 млрд.ы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау ретінде берілді. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында 2,2 млрд. теңге несие, соның ішінде Ұлттық қордан 949 млн. теңге тартылды. Бұл өңірімізде ірі жобалардың қолға алынуына зор мүмкіндік беріп отыр.
Мәселен, Теректі ауданында 500 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасы салынды, мұнда жылына екі мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Осы мақсатта Венгриядан жоғары өнімді 229 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Ал Бөрлі ауданында ауысымына 20 бас ірі қараны соятын арнайы орын пайдалануға берілді.

Сергей Выдрин
Бөлім бастығы
- Ал Зеленов ауданы Янайкин ауылында 8640 басқа арналған ірі қараны бордақылау алаңы биыл іске қосылмақ. Мұнда жылына 3454 тонна сиыр еті өндіріліп, қосымша 104 жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ осы ауданға қарасты Чапов ауылында «Бисекеш» шаруа қожалығы тәулігіне үш тонна ешкі сүтін өндіретін кешенді аяқтап келеді.))

Жер емген диқандар мен шаруаларға қаржылай көмек те көрсетілді. Лизингтік әдіспен 1,2 млрд. теңгеге 7 егін кешені, 44 трактор, 28 комбайн, 84 ауыл шаруашылығы машинасы және түрлі технологиялық жабдықтар алынды.

Ғани Ахметов
Бас маман
- Біздер үшін бастысы техника ғой.))

Айта кетелік, оңтүстік аудандардан техникаға сұраныс артып келеді. Жері құнарлы өңірлер егін шаруашылығына қажетті техникалар алуға тілек білдірсе, оңтүстіктегі ағайыннан шөп шабатын, мал азығын дайындайтын ауылшаруашылығы техникаларын алмақ болғандар көбеюде.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3742 & 14 Сұрау