Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 186    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.33 Қайдан 3 Дауыстар   
12 Қаңтар, 2010 09:39 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Кедендік одақ


1 қаңтардан бастап, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері құрған Кедендік одақ өз жұмысын бастап, бірыңғай кедендік тариф өз күшіне енді. Үш ел дайындаған Кедендік кодекс жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан парламентінің бекітуіне беріліп, 2010-жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енбек.

Кедендік одақ толыққанды жұмысын келер жылдың шілдесінен бастайды деп жоспарланған. Одан кейін Қазақстан, Ресей және Беларусь бірыңғай экономикалық кеңістік құрмақшы. Бүгін осы өзгерістің жай-жапсарын кеденшілер сарапқа салды. Келесі сюжетімізде толығырақ.

Алдағы шiлдеден бастап, үш ел арасында кедендiк бекеттер жойылады. Қазақ-орыс шекарасындағы барлық кедендiк рәсiмдеулер тоқтатылып, тек шекаралық бақылау бекеттерi ғана қалады. Осылайша, тауар мен қызметтiң емiн-еркiн ағылуы басталады. Үштік одақтан ұтылатын жағымыз жетерлік. Біріншіден, шетелден әкелінер тауарға баж салығы өсіп, бұл өнімдер қымбаттайды. Әрине, Ресей мен Белоруссия тауарының бағасы өзгермейді. Есесiне, кейбiр азық-түлiк, киiм-кешек пен тұрмыстық техниканың құны шарықтайды. Киiм-кешекке салынатын баж салығы бұрын 5% болса, енді 20% болады. Демек, қытайлық киiмдерге зар болуымыз әблен мүмкін. Сол сияқты шетелдiк дәрi-дәрмек пен шай және кофеге салынар салық та 10% артады. Сырттан келетiн iшiмдiк те қат сусынға айналып, шетелдік косметика екінің бірінің қалтасына қолайлы соқпайды. Бірақ, арадағы барыс-келіс жиілейді.

Елiмiздегі баж салығы Белоруссия мен Ресейдiң кедендiк тарифтерiнен анағұрлым төмен. Сондықтан, Қазақстан кедендiк баж салығын екi елдiкiмен теңестiрiп, өзгертуге мәжбүр. Бүгінде елімізге шетелден 6 мыңнан астам тауар түрi әкелінеді екен. Сондықтан, жеңілдетілген бағаға ие болар тауар түрлеріне квота қарастырылған. Дегенмен, кейбір тауар түрлеріне берілген жеңілдіктер түсініспеушілік тудырды.

Ресей шеттен жылына 3 млрд. доллардың етiн тұтынады екен. Ал, Қазақстанда мал шаруашылығы біршама дамыса да, жылына экспорттайтын ет көлемi 200-300 тоннадан аспайды. Осылайша еттi Ресей асыруға мүмкіндік бар. Бiрақ ол үшiн қажетті өнім сапасын ресейлік талаптарға сай қылсақ, күні ертең Дүниежүзiлiк Сауда ұйымына өту де оңай болары анық.
Мұндай бірлестік Қазақстанның iшкi өнiмiн 14 пайызға, Ресейдiкін 16 пайызға, Беларусьтiкiн 16 пайызға өсiруге мүмкiндiк береді екен. Кедендiк одақтың нәтижесiнде 2015 жылы үш елдiң жалпы iшкi өнiмi 19 пайызға өсетiн болады деген болжам жасалуда.
Айта кетелік, көлік бағасы қымбаттайды. Ресейлік автоөнеркәсіптің тасы өрге домалап, бағасы өзгеріссіз қалады. Бірақ, шетелдік көліктердің сапасы ресейлік өнімнен көші ілгері екені айдан анық.

Өстіп, Одаққа мүше үш елдiң iшкi нарығы кеңейедi деп күтілуде. Яғни Қазақстан үшiн 16 миллион тұтынушының саны енді 170 миллионға жетпек.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7678 & 14 Сұрау Серверді жегу: 1.87