|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Қар басқан хоккей алаңыБірақ, тұрғындар бұл алаңқайлардың дұрыс орналастырылмағандығын айтып, өз наразылығын білдіруде. Келесі сюжетімізде. Юбилейный аялдамасы маңында орналасқан №137 үйдің тұрғындары аулаға мұз алаңының орнатылуына қарсы. Олардың сөзінше, шағын алаңның астынан жылу құбыры жүргізілген. Жер астындағы құбырдан шыққан жылу қатырылған мұзды ерітіп жіберуі мүмкін. Осындай түйткілдері ескерілмеген алаң әу басында дұрыс орналастырмаған. Спорт жанашырларына осындай уәжін алға тосқан тұрғындар балалардың айқай-шуынан әбден мезі болғанын айтады. Михайл үй тұрғыны - Бұл хоккей алаңы 2008-жылы жасалған еді. Балалардың бос уақытын босқа өткізбеуі үшін орнатылған алаң екі жыл бойы ешкімге керек болмай қалған сияқты. Өйткені, осы уақыт ішінде бұл алаңға мұз қатырылған жоқ. Жабдықталмаған жерге балалар да үйір болмады.)) ҰОС ардагері Михайл Осокин - осы үйдің байырғы тұрғыны. Ол бюджеттен бөлінген қыруар ақшаның рәсуа болғанына наразы. Ел игілігі үшін жасалар жұмыстар әлі жемісін берер емес дейді қария. Михаил үй тұрғыны -Хоккей алаңы қазір де тазартылған жоқ. Қыс әлдеқашан түссе де, алаңның мұзы қатырылмаған. Қазір бұл жерге көше кезген үйсіз қаңғыбастар мен маскүнемдер үйір. Балаға арналған алаңды былғанышқа айналдырған оларға тоқтау қойылып, осы мәселенің тез арада осы мәселенің шешілгенін қалаймыз.)) Хоккей алаңы өткен жылы да иесіз қалыпты. Биыл алаңды қардан тазарту жұмыстары да жүргізілмеген. Тұрғындар сөзінше, мұзы жоқ алаңның пайдасы да жоқ. Ал қар басқан хоккей алаңы қазір қоқысқа толы. Азамат Нұрмұхамбетов бастық - Қазір қаламызда 11 хоккей алаңы бар, оның 7-еуіне мұз қатырылған. Ал 4 алаңда мұз әлі жоқ. Бұл іске осы алаң орналасқан аула тұрғындары қарсылығын білдіріп, рұқсат бермей отыр. Бірақ, бұл мәселені осы аптаның аяғына дейін шешеміз деген үміттемін. )) Ендігі іс - тұрғындар келісіміне байланысты. Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшылығы үй иелерінің рұқсатын алғасын, алаңды ойын балаларына лайықты етіп жабдықтайтынын айтады. Последние новости рубрики
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
28.07 (16:48) Бокстан ашық жекелей чемпионат 27.07 (12:10) Атырауда бокс додасы болып өтті 23.07 (11:21) Ескекшілер жарысы 23.07 (11:20) Боксшылар Атырауға аттанбақ 22.07 (10:21) Оралдық балуандар топ жарды! 22.07 (10:21) Футболдан ҚР біріншілігі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||