Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 352    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
15 Қаңтар, 2010 09:17 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

15 қаңтар


1934 жылы ҚазМУ ашылды. 1878 жылы алғаш рет адамдарды құтқаруға телефон пайдаланылды. 1943 жылы әлемдегі ең үлкен әкімшілік мекемесінің құрылысы аяқталды. 1880 жылы Лондондық телефон компаниясы алғашқы телефон кітабын шығарды. 1797 жылы Лондондық Джон Этерингтон көшеге цилиндр бас киім киіп шықты. 1944 жылы Заманбек Нұрқаділов дүниеге келді.

1934 жылы ҚазМУ ашылды. 1878 жылы алғаш рет адамдарды құтқаруға телефон пайдаланылды. 1943 жылы әлемдегі ең үлкен әкімшілік мекемесінің құрылысы аяқталды. 1880 жылы лондондық телефон компаниясы алғашқы телефон кітабын шығарды. 1797 жылы лондондық Джон Этерингтон көшеге цилиндр бас киім киіп шықты. 1944 жылы Заманбек Нұрқаділов дүниеге келді.

1934 жылы ҚазМУ ашылды. Бұл Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібіне, ғылымы мен мәдениетіне зор еңбек сіңірген алғашқы отандық университет, яғни бұл жоғары оқу орны қанша студентті - ұстазды, ғалымдарды тәрбиелеп шығарды. Советская көшесі, 28-ші үй, бұрынғы Верный ерлер гимназиясы. Университеттің тарихы дәл осы жерден басталған. 1934 жылы университеттің физика-математика және биология факультетіне 54 студент оқуға қабылданды. Ал қазір ҚазМУ – ғылыми және педагог мамандарды даярлайтын ірі орталық. Университетте 3200 қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылдарда университет қабырғасында жоғары білімді 96 мыңнан астам маман дайындалды.

1878 жылы алғаш рет адамдарды құтқаруға телефон пайдаланылды. Американың Тарифвиль қаласында орын алған темір жол апатынан зардап шегушілерге 20 дәрігер жедел жәрдемге шақырылды. Телефонды қолданудың арқасында медициналық жедел-жәрдем қызметі ашылды. Негізінен бұл қызметтің тамыры тереңнен бастау алады. ХІІ ғасырда Англияда Әулие Иоанн орденінің иелері зардап шегушілерге алғашқы көмек беретін қайырымдылық қорын ашты. Жеке «жедел-жәрдем» мекемесі Вена операсы ғимаратында болған өрттен соң пайда болды. 1881 жылдың 8 желтоқсанында болған өрттен 479 адам қаза болды. Зардап шегушілер тәулік бойы ешқандай көмек ала алмады. Бұл сұмдық жағдай сол оқиғаның ортасында болған профессор-хирург Яромир Мундиді қатты күйзелтті. Ол апатқа ұшырағандарға, қар үстінде жатқан адамдарға ешқандай көмек бере алмады. Келесі күні дәрігер Мунди Вена еріктілерден құралған құтқарушылар қоғамын құруға кірісті. Граф Ганс Гильчек 100 мың гүлден көлемінде жанашырлық жәрдем берді. Алғашқы жылы Вена жедел жәрдем станциясы 2067 зардап шегушіге көмек берді.

1943 жылы әлемдегі ең үлкен әкімшілік мекемесінің құрылысы аяқталды. Ол Пентагон ғимараты. Оны 16 ай бойы салды. 604 000 шаршы метррлік ғимаратты салуға 83 миллион доллар жұмсалды.

1880 жылы лондондық телефон компаниясы алғашқы телефон еітабын шығарды. Онда 255 абонент көрсетілген.

1797 жылы лондондық Джон Этерингтон көшеге цилиндр бас киім киіп шықты. Сол әрекеті үшін 50 фунт стерлинг айыппұл төледі. Оған қарамастан, цилиндр бас киім халық арасында тез таралып кетті. Мысалы президент Авраам Линкольн қашанда басына қара биік цилиндр бас киім киіп жүрді, оның ішіне ол хаттар, қаржылық қағаздар, заң жобаларын сақтайтын.

1877 жылы американдық психолог Льюс Мэдисон Термен дүниеге келді. Ол психологиялық тестілеудің негізін салушы. Соңғы уақытта тест пайдалану елімізде кең тарап кетті. Бірақ тестілеуге деген көзқарас әртүрлі. Мысалы, ата-аналар баланы мектепке қабылдарда тест арқылы қабылдау – құқық бұзушылық деп санайды. Сіздің қалада балаларды мектепке тест арқылы қабылдай ма? Бұған ата-аналардың, оқушылардың көзқарасы қандай?

1944 жылы Заманбек Нұрқаділов дүниеге келді. Ол Қазақ Политехникалық институтты тәмамдап, 20 жылдай қала, облыс құрылыс ұйымдарында жұмыс істеді. 1985 жылы қарашада Нұрқаділов Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы болды. Ол 1994 жылға қала мэрі орынтағын сақтады. Бұл кездері Заманбек Нұрқаділов бизнес құрылымдары мен БАҚ-пен, ал олар Заманбекпен дауласты. Алматының бұрынғы мэрі кейін халық алдында өз әрекеттері үшін кешірім сұрады. 1995 жылы парламент депутаты болған ол Үкіметке сын айта бастады. Мәжілісті Астанаға көшіруде Нұрқаділов бұрынғы астанадан кетуден бас тартты, сол себепті Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. 2001 жылы әкімшілік орталықты Талдықорғанға көшіру кезінде Нұрқаділов тағы дас Алматыда қалып, ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. Бұл қызметте жүріп, үш жылдай саясаттан алшақтаған ол, 2004 жылы көктемде саясатқа қайта оралды. Баспасөз мәслихатын өткізген ол Нұрсұлтан Назарбаевты әшкерелеген хатын жариялады. Нұрқаділов қызметінен айырылды. 2005 жылы 12 қарашада Заманбек Қалабайұлы өз үйінде өлтірілген күйі қаза болды. Алайда әлі күнге дейін оған байланысты тергеу жұмыстары аяқталған жоқ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5472 & 14 Сұрау