|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
17 қаңтар1928 жылы Лондонда Болашақ стилист және шаштараз Видал Сассун дүниеге келді. 1938 жылы Карнеги-холлда джаз әуені алғаш рет орындалды. Джаз салмақты әуен ретінде ұзақ уақыт бойы мойындалмаған болатын. 1863 жылы актер әлі режиссер, сахналық өнердің қисыншылы Константин Станиславский дүниеге келді. 1928 жылы Лондонда Болашақ стилист және шаштараз Видал Сассун дүниеге келді. Ол 14 жасқа келгенде оқу үшін қаржы болмады. Сондықтан оны анасы болашақта нан тауып жеуі үшін қолөнерге үйретті. Осылайша Видал шаштараздың көмекшісі қызметіне жұмысқа орналасты. Видал Сассун алғаш рет адамның шашын бұйралауға болатынына көз жеткізді. Ол арнайы сәндеуді қажет етпейтін шаштардың сәнін ойлап тапты. Оның ойлап тапқан сәнді шаштары қарапайымдылық пен үйлесімділіктің үлгісі іспеттес. Сассун демократ адам болатын, оған жәй адам мен герцогиня, голливудтық жұлдыз болсын – бәрі бір еді. 1920 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті «ең ауыр жаза – ату жазасын алып тастауға» қаулы шығарды. Бірақ кейін өлім жазасы КСРО-да қайта енгізілді. 1938 жылы Карнеги-холлда джаз әуені алғаш рет орындалды. Джаз салмақты әуен ретінде ұзақ уақыт бойы мойындалмаған болатын. Сондықтан да Карнеги-холлдағы концерт джаздың одан әрі қанат жаюы үшін өте маңызды еді. Бұл концертте Бенни Гудмен мен оның оркестрі өнер көрсетті. Өнер көрсеткендердің ішінде Каунт Бейси мен Дюк Эллингтон да болды. 1863 жылы актер әлі режиссер, сахналық өнердің қисыншылы Константин Станиславский дүниеге келді. Ол кәсіпорын қожасының отбасында туылып, жоғарғы қоғамдық топтың арасында өсті. Станислав Мәскеу өнер және әдебиет қоғамын құрушылардың бірі. Ол актер кейін режиссер болды. 1898 жылы– Мәскеу көркем театрының негізін қалады. Ол сахнаға Толстойдың «Федор Иоаннович патшасы», Чеховтың «Шағала», «Ваня ағай», «Апалы-сіңілі үшеу», «Шие бағы» қойылымдарын шығарды. Ең басында режиссер орнында екі жетекші - Станиславский мен Немирович-Данченко да отыратын. Станиславскийдің қызметі 1920-1930 жылдары анықталды. Оның басты назары сахнадағы орыс өнерінің дәстүрлі көркем байлығына ауды. Оны баспасөзде «ескілікті аңсайды», «төңкерісті мойындағысы келмейді» деген желеумен айыптала бастады. 1928 жылы оның жүрегінің ұстамасы ұстап, өлім аузынан қалды. Ол өмір бақи өзінің жүйесі бойынша жұмыс істеді, ол бойынша актерлер әлі күнге дейін оқиды. «Актердің өзімен жұмыс істеуі» жұмысы ол қайтыс болған соң жарық көрді. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||