|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Романс кешіРоманс кештерін өткізу мұнда қазір игі дәстүрге айналған. Дариян ауылында ашылған романс салоны араға уақыт салып, осы өнерге тәнті жандардың басын қосады. Бұл жолғы кездесуде де Абай мен Пушкиннің шығармалары орындалды. Сезім қылын тербетер мұндай әсем әуендердің өткен ғасырда түрлі кештердің көркі болғаны тарихтан мәлім. Ән әлеміндегі саяхатқа тек дарияндықтар ғана емес, өзге де аудандардың өкілдері қатысты. Тарих дәптерінің дерегінше, романс жанрының басына күн туып, қудалауға ұшыраған кезі де болыпты. Өткен ғасырдың 20-жылдарындағы ұлы төңкеріс мәдениетке де өз ықпалын тигізді. Романс байлар мен ауқаттылардың ермегі деп танылып, халықтық музыка қысым көрді. Сезім сырының орнына төңкерістің ұлылығы кеңінен насихатталды. Тіпті дала кезіп, еркін өмір кешкен сығандар романсының да шыққан тегі күдікті деп танылып, романстың орындалар жері мейрамхана, кабак секілді көңіл көтеретін орындармен шектелді. Бірақ, өлмейтін өнер өзінің өрісі кең екендігін тағы бір дәлелдеді. Даңғаза шуға толы эстрададан жеріген көрермендер ықыласы романсқа арта түспесе, кеміген жоқ. Жылдар өтсе де, осы жанрдың аясы ұлғаюы осы сөзімізге дәлел. Кеш барысында орыстың белгілі ақындарының шығармалары орындалды. Сонымен қатар, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші мен Ескендір Хасанғалиев секілді өнер иелерінің әндері әуелете шырқалды. Последние новости рубрики
05.01 (11:56) Жаңа жыл
12.01 (12:25) Президенттік стипендия 22.12 (11:45) Өнерге әркімнің де бар таласы 06.12 (14:51) Жастармен жұмыс істеудегі ең үздік мемлекеттік орган 06.12 (14:18) Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл 25.11 (10:34) "Мұхтар Әуезовтың ата-тегі" атты ғылыми шежіре жарық көрді 22.11 (11:17) Қарттар байқауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||