|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Шито-рю каратэ-до жарысының жеңімпаздарыЖарысқа шито-рю каратэ-додан облыстық федерациялар қатысты. Серік Нұрманов бастаған спорт мектебінің жас өрендері Семей атынан шықты. Дәстүрлі және спорттың басқа да түрінен сабақтар жүргізетін спорт мектебінің қабырғасында ел біріншілігі, әлем чемпиондары мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары тәрбиеленді. Бұл жолы да үлкен жарысқа аттанған мектеп спортшылары додалы сайыста қарсыластарын жеңіп, 17 марапатқа ие болды. Спортшыларымыз 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальмен оралды. Семейдің намысын абыроймен қорғаған Айжан Нұрманова мен Аружан Стахан чемпион атанса, Саша Новиков, Аля Лебаева, Айдар Жүнісбеков, Вячеслав Галактионов, Даниял Телағысов, Мерей Топишев, Тимур Қасқұлақов сияқты жігерлі ұл - қыздарымыз II-III орындарға ие болды. Жарысқа қатысқан сайыскерлердің барлығына жапондық шито-рю мектебінің спорт шебері 愦灭луеши Эбисавада сабақ өткізіп, өз тәжірбиесімен бөлісті. Өткен жылы Пекинде өткен әлем чемпионатында 2 қола медальға ие болған небәрі 9 жасар Айжан Нуриманова, биылғы додада каратэ-доның барлық нормативтерінен үздік нәтижелер көрсеткені үшін қара белдікті иеленді. Үлкен қажырлылық пен еңбекті қажет ететін спорттың бұл түрі кеңінен қанат жайып келеді. Жеңімпаздарымыздың алдағы уақытта да осындай биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.
Последние новости рубрики
20.10 (10:49) Олимпиадалық лицензия үшін күрес
12.10 (09:55) Алтынға бергісіз күміс 06.10 (16:16) Жеңімпазды қарсы алу 16.08 (12:19) "Барыс" турнир жеңімпазы 16.08 (10:29) Футбол. Ақжайықтың ірі жеңісі 15.08 (16:29) Трамплиннен секіру. Әлем кубогы 10.08 (11:21) Шайбалы хоккейден халықаралық турнир |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||