Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 404    Танымдылық: Орташа рейтинг : 8.50 Қайдан 2 Дауыстар   
19 Қаңтар, 2010 09:37 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

"Сиқырлы" себет


Еліміздің 15 мың теңгені құрайтын ең төменгі күн көріс кәрзеңкесі ең кедей елдің көрсеткіші сияқты. Тіпті Ресейдікінен де әлдеқайда төмен. Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгін өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін осылай сынға алды. Тақырып бойынша бейнематериал бар

Министр Гүлшара Әбдіхалықова Парламент Мәжіліснде өткен Үкімет сағатында өткен жылы атқарылған, келген жылдағы жоспарлар жайында есеп берген еді. Соңғы үш жылда Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 1,6 есеге артты. Сонымен бірге, қазіргі уақытта 677 мыңға тарта адам жинақтаушы зейнетақы жүйесімен зейнетақы ала бастады. Сондай-ақ, былтыр 4 млн.-ға жуық адам ай сайын республикалық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақылар алып тұрған. Бұдан басқа, 1 млн.-нан астам қазақстандыққа қосымша әлеуметтік көмек көрсетілген. Тілші бейнематериалынан көре аласыздар.

Текст: Алайда, еліміздің әлеуметтік саласындағы проблемалар толық шешімін таппай отыр. Депутаттардың пікірінше зейнеткерлік жасына байланысты мәселе жеткілікті. Мысалы балет өнеріндегілердің зейнеткерлік жасы әлі күнге дейін шешілмеген. Бұл саладағылардың 58-63 жасқа дейін билеп жүре алмайтындықтан, жұмыссыз қалу қаупі бар. Сондай-ақ ең төменгі зейнетақы алатын зейнекерлердің зейнетақысын өзгелермен теңестіру қажеттігі де айтылды.
Ал бар жоғы 15 мың теңгені құрайтын Қазақстан халқының ең төменгі күн көріс деңгейі әлемдегі кедей елдердің көрсеткішімен бірдей дейді депутаттар.

Гүлшара Әбдіхалықова -ҚР ЕХӘҚМ
- 16 млн ғана халықтың ең төменгі күн көріс деңгейі, қазақстанды екі орап алатын ресеймен салыстырған әлдеқайда төмен.

Владимир Нехорошев - ҚРПМД
- Осы төменгі көрсеткіш тұтыну корзинасымен теңестірілген. Кім соны ойлап тауып жүрген. Бізде тек зейнеткерлер ғана емес, әке-шешесі жұмыс істейтін отбасылары балаларын асыра алмай кедейшілік көруде.

Снхтитр: Ирак Елекеев - ҚР ПМД
- Шыныменде ресейдің ең төменгі күн көріс деңгейі екі есеге көп бізден. Және оларда бароық жеңілдік сақталған. Мысалы ресейде судьялар 2,5 мың доллар зейнетақы алса, бізде 200 доллар алады. Неше рет айттым судьяларға зейнетақы қорына жіберетін он пайызын өздеріне беріңдер деп. Олардың көбі сол жасқа дейін өмір сүрмейді.

Өткен жылы 258 мың жаңа жұмыс орын ашылып, 248 мың адам жұмыспен қамтылған.Ал шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы екі есеге қысқарды. Осылайша қазір жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызды құрап отыр. Ал алдағы уақытта Жол картасы аясында 3 мың инвестциялық жоба жоспарда тұр. Бюджеттен оған 82 млрд теңге бөлінбек. Жөндеу жұмыстарында 130 мың жаңа жұмыс орын ашылады деген жоспар бар. Оның ішінде азаматтарды қайта мамандандыруға оқыту да қарастырылған. Министр Әбдіхалықова бүгінде жастардың банк секторына, мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға көп көңіл бөліп отырғанын, ал нағыз қажетті техникалық кәсіпке адам бармайтынын айтады. Енді министрлік « Атамекен» ҰЭП мен бірлесе отырып, жас буынды осы салаға тарту жұмыстарын қолға алмақ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7446 & 14 Сұрау