Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 323    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
26 Қаңтар, 2010 08:58 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

26 қаңтар


1875 жылы Американдық Джорж Грин тоқ батареясымен жұмыс істейтін - бормашинаны ойлап тапты. 1886 жылы неміс конструкторы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышты үш дөңгелекті автомобильді патенттеді. 1838 жылы АШҚ-та ел тарихында спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салатын Заң қабылданды. 1798 жылы бір европалық коаланы алғаш рет көрді.

26 қаңтар
1875 жылы американдық Джордж Грин тоқ батареясымен жұмыс істейтін – бормашинаны ойлап тапты. 1886 жылы неміс конструкторы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышты үш дөңгелекті автомобильді патенттеді. 1838 жылы АҚШ-та ел тарихында спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң қабылданды. 1798 жылы бір европалық коаланы алғаш рет көрді.

1875 жылы американдық Джордж Грин тоқ батареясымен жұмыс істейтін – бормашинаны (тіс дәрінері қолданатын бұрғы машина)ойлап тапты.

1886 жылы неміс конструкторы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышты үш дөңгелекті автомобильді патенттеді.

1838 жылы АҚШ-та ел тарихында спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң қабылданды. Спирттік ішімдіктер саудасы сот арқылы жазаланатын болды.

1788 жылы алғашқы ағылшын қоныс аударушылары Австралия жеріне аяқ басты. Бұл экспедиция Жаңа Оңтүстік Уэльстің ботаникалық шығанағына капитан Артур Филлиптің басшылығымен келіп түсті. Оның құрамында 750 жер аударылған адам мен 300 әскери бар еді. Алғашқыда Австралияға ерікті қоныс аударушыларды тарту қиын болды, сондықтан Австралия заң бұзған қылмыскерлер мен саяси қылмыскерлердің айдалатын жері болып есептелді. 1830 жылға қарай бұл аймақты 63 мың жер аударушы мен 14 мың ерікті қоныс аударушы мекендеді. Бүгінде бұл оқиға Австралия күні деп аталды.

1798 жылы бір европалық коаланы алғаш рет көрді. ХХ ғасырдың басында бұл хайуанат өте көп болатын, Австралия олардың терісін шетелдерге сатты. Сондықтан аз ғана уақыт ішінде бірнеше миллиондаған коала саны 100 мыңға дейін кеміді. Коаланы көбі кішкене аю деп есептейді, бірақ ол аю емес. Оның салмағы 30 килограмм, 12 жыл тіршілік етеді. Коала тәуліктің көп бөлігін ұйқымен өткізеді, ал түнде ағаштарға өрмелеп, қарын тойғызады. «Коала» сөзі австралиялық тұрғындардың тілінен «ішпеу» деп аударылады, шынында да ол су ішпейді, оған жапырақ жесе, соның нәрі де жетіп жатыр.

1905 жылы ең ірі алмаз табылды. 3,106 қаратты алмаз Оңтүстік Африкадан табылды және ол «Куллинан» деп аталды. Алмаз Голландияға Asscher Diamond Company басшысы Джозеф Асшерге жіберілді. Олар оны дұрыс бөлуге 6 ай бас қатырды. Ол өз дәрігерінен оны бөлу кезінде қасында бірге болуын сұрады, өйткені алмаз магнаты бұл керемет тасқа пышақ тигенде, мұндай кереметті көргенде жүрегім тоқтап қала ма деп те қорыққан.

1972 жылы югославтық жолаушы әйел Весна Вулович 10159 метр биіктен құлаған ұшақтан аман қалды.

870 жылы Ұлы ғалым-ойшыл, астроном, математик Әл-Фараби дүниеге келді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар

24.01 (07:36) 24 қаңтар

23.01 (08:00) 23 қаңтар

20.01 (09:34) 20 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6128 & 14 Сұрау