Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 93    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
28 Қаңтар, 2010 10:17 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

28 қаңтар


АҚШ-тың Флорида штатында "Челенджер" ғарыш кемесі әуеге көтерілді. Бүгін халықаралық соғысқа қарсы күн. 1820 жылы Антарктида ашылды. 1918 жылы Кеңес Халықтық комитеті Жұмысшы-крестьян Қызыл Армиясын құру туралы Қаулы қабылдады.

АҚШ-тың Флорида штатында «Челенджер» ғарыш кемесі әуеге көтерілді. Бүгін Халықаралық ядролық соғысқа қарсы күн. 1820 жылы Антарктида ашылды. 1918 жылы Кеңес Халықтық комитеті Жұмысшы-крестьян Қызыл Армиясын құру туралы қаулы қабылдады.

АҚШ-тың Флорида штатында «Челенджер» ғарыш кемесі әуеге көтерілді. Экипаж мүшелерінің ішінде социология пәнінің оқытушысы, ғарышқа ұшатын алғашқы азаматтық адам Криста МакОлифф те болған еді. Криста байқауды жеңіп алып, бірнеше ай бойы талмай дайындалып, ұшуға дайындалған. Жүздеген адам ғарыш кемесінің әуеге көтерілуін бақылап тұрды, оның арасында Кристаның отбасы да болған-ды. Мыңдаған адам тікелей эфирден космостың ұшырылуын көріп отырды. Әуе кемесі әуеге көтерілген соң 73 секундта көрермендер мен бақылаушылардың көз алдында жарылды. Бұл АҚШ космонавтикасындағы ең үлкен апат еді.
БАҚ арқасында әуе кемесінің құлауын, ұшақтардың апаты мен жер сілкінісін, су басу сынды төтенше жағдайларды көруге мүмкіндік аламыз. Сіздің қала тұрғындары барлық ақпарат экранға шығу қажет деп есептей ме? Олар әлемдегі ірі апаттарды біліп отырғысы келе ме, әлде жағымсыз ақпаратты тыңдағысы келмей ме?

Бүгін Халықаралық ядролық соғысқа қарсы күн. 1985 жылы Үндістан, Аргентина, Греция, Мексика, Танзания, Швеция елдерінің басшылары Дели декларациясын қабылдады. Ол құжат ядролық қарулану жарысын тоқтатуға, ядролық соғысты болдырмауға және аталмыш қаруларды жоюға шақырды.

1820 жылы Антарктида ашылды. Қарамағында «Восток» пен «Мирный» кемелері бар адмирал Беллинсгаузен бастаған экспедиция белгісіз құрлыққа жақындады. Мұз құрсанған құрлықты көрген Беллинсгаузен мен «Мирный» кемесінің капитаны Лазарев оның мұзды құрлық екенін анықтады. Алайда орыстардың бұлтақсыз дәйегіне қарамастан, ағылшындар бұл құрлықты ертеректе ашқанын айтуда. Алайда ағылшын Эдвард Брэнсфилд Антарктиданы Беллинсгаузеннен екі күнге кешігіп көрген.

1918 жылы Кеңес Халықтық комитеті Жұмысшы-крестьян Қызыл Армиясын құру туралы қаулы қабылдады. Армия, кейінірек флот еріктілерден құралды. Қызыл Армияны құруды Бүкілресейлік коллегия басшылыққа алды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

30.07 (09:29) 30 шілде

29.07 (09:34) 29 шілде

29.07 (09:34) 29 шілде

28.07 (09:00) 28 шілде

27.07 (08:57) 27 шілде

26.07 (09:06) 26 шілде

23.07 (09:41) 23 шілде


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.3558 & 14 Сұрау Серверді жегу: 5.68