|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
29 қаңтар1979 жылы Американың Сан-Диего қаласындағы бастауыш мектептердің бірінде атыс болды. 1710 жылы Ресейде азаматтық шрифт пайда болды. 1886 жылы Карл Бенц газ қозғалтқышы арқылы жүретін экипажға патент алды. 1927 жылы Англияда жуынып, шайынатын бөлмесі бар қонақ үй пайда болды. 1960 жылы Вашингтон университетінің дәрігерлері алғаш рет жасанды бүйректі ойлап тапты. 1979 жылы Американың Сан-Диего қаласындағы бастауыш мектептердің бірінде атыс болды. Директор мен мектеп күзетшісі қаза болды. 10 бала жарақат алды. Мектепке қарсы орналасқан өз үйінен 16 жасар Бренда Спенсер мектепке қарай оқ атқан. Өз әрекетін ол: «Маған дүйсенбі ұнамайды. Бұл жексұрын күні қалайда көңіл көтергім келді. Бәрі де дүйсенбіні жек көреді, солай ғой» деп жауап қайтарған. Қазақстанда, реми ақпарат бойынша, жасөспірімдердің қатысуымен 9 пайыз қылмыс жасалады екен. Сіздің қалада жасөспірімдердің қылмысы қанша пайызды құрайды. Қылмыстың қай түріне көп барады? Бренда тәртібі қиын жасөспірімдер санатында болған. Ол есірткі қабылдаған. Ал қару оның қолына қайдан түскен? Әкесі оның тәртібіне қарамастан, 1978 жылы Рождество мейрамына мылтық сыйлаған. «Мен тек аттым, болды. Бұл қызық емес пе?», - деді Бренда. 1710 жылы Ресейде азаматтық шрифт пайда болды. Ол бұрынғы орыс жазуын алмастырды. Азаматтық шрифтпен терілген алғашқы кітап «Славян жер өлшемі геометриясы» деп аталды. Бұл жазу Петрдің енгізген реформасының бір ғана бөлшегі. Бұл шрифт қазіргі орыс алфавитінің негізі болып саналады. 1886 жылы Карл Бенц газ қозғалтқышы арқылы жүретін экипажға патент алды. Ол машинаны жүргізетін бұл жаңалығын «Моторваген» деп атады. 1927 жылы Англияда жуынып, шайынатын бөлмесі бар қонақ үй пайда болды. Ол уақытта мұндай қонақ үйлер өте қымбатқа бағаланды, ал қазір мұз қонақ үйлер де шықты. Әр қыста Швецияда тек мұздан жасалған қонақ үй пайда болады. 90-шы жылдардың басында Поляр шеңберіне жақын орналасқан қонақ үйдің иесі қар мен мұздың туристердің назарын аударатынын ұқты. Сондай-ақ мұздан жасалған шіркеу, мұз экранды кинотеатрлар да бар. 1960 жылы Вашингтон университетінің дәрігерлері алғаш рет жасанды бүйректі ойлап тапты. 2000 жылы Лас-Вегас казиносының даяшысы Сания Джей «жалғыз қолды бандит» автоматынан 35 миллион доллар ұтып алды. 1860 жылы Таганрогта ұлы жазушы Антон Павлович Чехов дүниеге келді. Ол Батысқа танымал орыс жазушыларының бірі. Оның атағы пьесасымен шықты десек қателеспейміз. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||