|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Қаржы мен бақылауЕгер, құжат қабылданатын болса, Қаржылық бақылау комитеті қайта құрылып, қазына қаржысын қадағалау жұмысы күшейетін болады. Былтыр бюджет кодексі қабылданған кезде қаржылық бақылау комитетінің жұмысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылады деген шешім қабылданған болатын. Алайда, олардың жұмысының тоқтағанына бір ай болмай жатып, Елбасы осы құрылымды қайта іске қосуға тапсырма берді. Өткен аптада Үкіметтің есебін тыңдаған Президент, "дағдарысты еңсеру үшін қазынадан қомақты қаржы бөлініп, жергілікті бюджеттерге берілетін трансферттер көлемі ұлғайды. Сондықтан, бөлінген қаражатты бақылау үшін Қаржылық бақылау комитеті мен оның аумақтық органдарын сақтау керек" деген болатын. СНХ: Зейнолла Алшымбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты /қазақша/ «Өткен жылы анау бюджеттік кодексті қараған кезде асығыстық жасалып, мемлекеттің қаржылық бақылау органдарының жұмысын біз шектеп тастадық. Меніңше, ол асығыс қабылданған шешім. Оны қазір Елбасы түзеп, қайтадан бізге келіп жатқанының себебі сол». Тілші: Экономика министрі, осы өзгерістерді ақпан айының соңына дейін енгізіп, Қаржылық бақылау комитеті наурыз айынан бастап жұмысқа кірісетіндей жағдай жасау керек. Бұл - Президенттің тапсырмасы дейді. Алайда, депутаттар бұл тым асығыс шаруа. Мұндай қысқа мерзімде заң жобасын қарау мүмкін емес екенін айтады. Ал Бақыт Сұлтанов қалай болғанда да сыртқы бақылау жүргізетін Есеп комитетінің жөні бір бөлек. Бірақ, бізге қазына қаражатына ішкі бақылау жасайтын қаржылық бақылау органын қайта қалпына келтіру керек дейді. СНХ: Бақыт Сұлтанов, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі /қазақша/ «Бірақ бұл мәселені Үкіметтің ішінде Елбасымен талқылаған кезде бүгінгі дағдарыс кезінде көп қаражат бөлініп жатыр. Бұны қарау керек, бұл қаражатқа бақылау керек». Тілші: Бүгінде тікелей Елбасыға бағынатын Есеп комитетінде 100 шақты маман жұмыс істейді. Бірақ, бұл органның жергілікті жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ. Сондықтан аймақтарға бөлінген қаржыны қадағалайтын ішкі бақылау аса қажет. Бүгін депутаттарға ұсынылған жобаға енгізілетін басты өзгеріс осы. С наилучшими пожеланиями - Оксана Осадчук Телефон: (727) 270-41-30 Факс: (727) 270-41-39 Homepage: http://www.internews.kz http://www.newsfactory.kz Последние новости рубрики
20.10 (10:49) Олимпиадалық лицензия үшін күрес
12.10 (09:55) Алтынға бергісіз күміс 06.10 (16:16) Жеңімпазды қарсы алу 16.08 (12:19) "Барыс" турнир жеңімпазы 16.08 (10:29) Футбол. Ақжайықтың ірі жеңісі 15.08 (16:29) Трамплиннен секіру. Әлем кубогы 10.08 (11:21) Шайбалы хоккейден халықаралық турнир |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||