Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 292    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
1 Ақпан, 2010 08:55 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

1 ақпан


1921 жылы Кармен Фазанелла 17 жасында такси жүргізушісінің лицензиясына қол жеткізді. Сондай-ақ, 1898 жылы алғаш рет автокөлік сақтандырылған. 1850 жылы неміс инженері Себастьян Вильгельм Бауэр өзі ойлап тапқан алғашқы су асты қайығын сынақтан өткізді. 1946 жылы алғаш рет БҰҰ-ның бас хатшысы сайланды.

1921 жылы Кармен Фазанелла 17 жасында такси жүргізушісінің лицензиясына қол жеткізді. Сондай-ақ 1898 жылы алғаш рет автокөлік сақтандырылған. 1850 жылы неміс инженері Себастьян Вильгельм Бауэр өзі ойлап тапқан алғашқы су асты қайығын сынақтан өткізді. 1946 жылы алғаш рет БҰҰ-ның бас хатшысы сайланды.

1921 жылы Кармен Фазанелла 17 жасында такси жүргізушісінің лицензиясына қол жеткізді. Фазанелла такси жүргізушісі болып 68 жыл және 243 күн жұмыс істеді. Сіздердің қалаларыңызда такси жүргізушілері жас па, әлде егде кісілер ме? Мүмкін сіз тұратын қалада ұзақ жылдар бойы такси жүргізіп жүрген – рекорд иесі бар шығар?

Сондай-ақ 1898 жылы алғаш рет автокөлік сақтандырылған. Автомобильді сақтандыруға оның иесі 11 доллар 25 цент жұмсаған.

1850 жылы неміс инженері Себастьян Вильгельм Бауэр өзі ойлап тапқан алғашқы су асты қайығын сынақтан өткізді. Бауэр өзінің екі көмекшісін алып, теңіз түбіне батты, бірақ қайықтың ішіне су сорғалады. Алайда Бауэр өз көмекшілерін қайықтың ішіндегі қысым су қысымымен теңескенше сабыр сақтауға әрең көндірді. Сынақшылар қайықта жеті жарым сағаттай тұрақтап, содан соң қайықты тастап, өздері жағалауға жүзіп келді. Бұл уақытта оларды жұрт көз жұмды деп те ойлап қойған еді.

1946 жылы алғаш рет БҰҰ-ның бас хатшысы сайланды. Ол – норвег саясаткері және мемлекет қайраткері Трюгве Хальвдан Ли. Ол қызмет орнын батыс елдерінің, әсіресе АҚШ пен Ұлыбританияның, қызығушылығына арнады. Оның бұл әрекеті қаруланған АҚШ – тың Корей елін басып кіргенінен анық байқалып қалды. Лидің қызметі АҚШ-тың қысымымен қайта жалғасын тапты, бірақ бұл әрекет БҰҰ елдерінің мүшелерінің наразылығын тудырды. Сонымен 1953 жылдың сәуір айында Лиге қызметінен кетуге тура келді.

1989 жылы Кенияда ұзындығы 5 метр Омиури атты жылан өлді. Жергілікті тұрғындар оның сиқыршылық қасиеті бар деп есептеді. Оны елге келетін ең маңызды, беделді қонақтарға ғана көрсететін. Ал, жыланның жағдайы мен денсаулығы Кения парламентшілері арасында үлкен пікірталасқа айналатын.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7236 & 14 Сұрау