Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 876    Танымдылық: Орташа рейтинг : 2.39 Қайдан 28 Дауыстар   
16 Ақпан, 2011 07:07 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

16 ақпан


1968 жылы Американдық Хейливиль қаласында алғашқы құтқару қызметі пайда болды. Оның телефон нөмірі - 911. 1976 жылы Камск автомобиль зауытынан алғашқы жүк машинасы шықты. 1846 жылы қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаев дүниеге келді. 1906 жылы шахматтан әлем чемпионы Вера Менчик дүниеге келді.

1968 жылы американдық Хейливиль қаласында алғашқы құтқару қызметі пайда болды. Оның телефон нөмірі 911. 1976 жылы Камск автомобиль зауытынан алғашқы жүк машинасы шықты. 1846 жылы қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаев дүниеге келді. 1906 жылы шахматтан әлем чемпионы Вера Менчик дүниеге келді.

1900 жылы Лондонда Уинстон Черчиллдің алғашқы және жалғыз көркем шығармасы – «Саврола, Лаураниядағы төңкеріс тарихы» романы жарыққа шықты. Бұл айдың басында кітап Нью-Йоркте сатылымға шықты. Роман Үндістанның солтүстік-батыс шекарасында қызмет етіп жүрген үш жылда жазылған. Ұлыбританияның болашақ премьер-министрі ұлы ағылшын романшыларының қатарын толтырар еді. Алайда 1900 жылы 26 жасар Черчиль Консервативті партиясы өкілдері палатасының мүшесі болып қабылданды. 1953 жылы Черчилль әдебиеттің «тарихи және биографиялық сипаттағы шығарманың үлкен шебері және шешендік өнері» номинациясынан Нобель сыйлығын иеленді.
Сіз тұратын қалада саясаткерлердің ішінде ақын-жазушылар бар ма?

1968 жылы американдық Хейливиль қаласында алғашқы құтқару қызметі пайда болды. Оның телефон нөмірі 911.

1976 жылы Камск автомобиль зауытынан алғашқы жүк машинасы шықты. 60-шы жылдары КСРО – ның жүк машинасына қажеттілігі артты. Елдегі автомобиль зауыттарының ешқайсысы бұл тапсырысты орындай алмады. Қуаты күшті, жаңа заманға сай, ыңғайлы, әмбебап, кез-келген ауа-райында кез-келген жолда жүре беретін жүк машинасын жасау үшін Набережный Челныда автомобиль зауыты тұрғызылды. «КамАЗ» сапасы жағынан басқа жүк машиналарын жолда қалдырды. Кейін «КамАЗ» көліктері мен автобустары Қазақстанда жинала бастады.

1846 жылы қазақтың белгілі ақыны Жамбыл Жабаев дүниеге келді. Жамбыл Шапырашты руынан кедей көшпенді Жабайдың отбасында туылды. Жамбылдың анасы Ұлдан Жамбылды Ыстыбай /Жамбылдың атасы/ ауылы кезекті шапқыншылықтан бас сауғалап жүрген кезінде туған. Ол Жамбыл тауының жанында туғандықтан, әкесі Жабай ұлына сол таудың атын қойған. Жамбыл бала кезінен домбыраға әуес болды. 1897 жылы 14 жасында ол үйден кетіп, ақын болуды шешті. Ақындықты ол Сүйінбайдан үйренді. Жамбыл тек қазақ тілінде ән айтатын. Белгілі ақындар айтысында үнемі жеңіске жетіп отырған. Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл Жабаевтың патриоттық өлеңдері жарыққа шықты. Оның «Ленинградтық өренім» өлеңін жатқа айтпаған адам болмаған. Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды. Ол Алматыда өз қолымен өсірілген баққа жерленді.

1906 жылы шахматтан әлем чемпионы Вера Менчик дүниеге келді.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5109 & 14 Сұрау