Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 126    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
19 Ақпан, 2010 11:10 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]

"Кербез" - көрме тақырыбы


Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Кербез" деген тақырыппен көрме ашылды. Қыш, шыны, фарфордан жасалған заттар халықтың назарына ұсынылды. Көрмеде болып қайтқан тілшіміз толықтырады.

Шығыс Қазақстан еліміздегі сәулет ескерткіштерінің көп жылғы тарихы бар өңірлердің бірі. Қыш, шыны, фарфордан жасалған бұйымдардан алғаш рет қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайында көрме ұйымдастырылып отыр. Көрменің "Кербез" аталуы қойылған заттардың ерекшелігімен, құндылығымен, әдемілігімен үйлесуінде болса керек.

СНХ: Ләззат Әлжанова
ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Көрмеге қойылған керамикалық ыдыстар темір дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын заттар, негізінен облыс өңірінен табылған. Мысалы, Бесқарағай ауданының өңірінен табылған шырақ, қыш құмыралар, археологиялық экспедиция нәтижесінде Новошульба ауданының аумағынан табылған қола дәуіріне жататын керамикалық ыдыстар қойылған. Ең алғашқы фарфор ыдыстар Қытайда пайда болған. Олар әсемдігімен, көлемінің әр түрлілігімен, адамдар мен жануарлар, құстар мен өсімдіктердің бейнесі шебер өрнектелгенімен ерекшеленеді.

СНХ: Ләззат Әлжанова
ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Көрмеге қатысуға атсалысқан қала тұрғындары өздерінің қыштан, шыныдан, фарфордан жасалған сирек кездесетін заттарын әкелген. Олардың ішінде шыны графиндер, әр түрлі көлемдегі ыдыстар, жеміс және кондитерлік тағамдар салатын вазалар, шәйнек, сүт сауыты, қант салғыш, түрлі статуэткалар бар. Кейбір заттар мұражайға сыйға тартылды.

Назым Зейнеғабылқызы, Саят Тастанов ШАБ


Түпнұсқа

» 18 Ақпан, 2010 09:06 музей / "ТВК-6" телеарнасы, Семей

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

30.07 (09:29) 30 шілде

29.07 (09:34) 29 шілде

29.07 (09:34) 29 шілде

28.07 (09:00) 28 шілде

27.07 (08:57) 27 шілде

26.07 (09:06) 26 шілде

23.07 (09:41) 23 шілде


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 4.1274 & 15 Сұрау Серверді жегу: 3.75