Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 389    Танымдылық: Орташа рейтинг : 7.50 Қайдан 2 Дауыстар   
22 Ақпан, 2010 09:30 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Өрт апаты


Елордада бұрынғы бомбадан қорғанатын ғимаратта шыққан өртті сөндіру кезінде төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері қаза тапты. Қазір осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу - анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘТІН: Өрт - ақпанның он жетісі күні сағат түскі бірлердің шамасында тұтанған. Оқыс оқиға - Елордадағы барлық құтқару қызметтерін аяғынан тік тұрғызды. Негізгі күш бомбадан қорғанатын жертөлені сөндіруге жұмылдырылды. Алайда, тез жылдамдықпен таралған жалын ешкімге әл берген жоқ. Тіпті ғимаратқа кіру де,мүлдем мүмкін болмаған. Сондықтан Қарағанды қаласынан шахтадағы апаттарға арналған арнайы техника да алдырылыпты. Бірақ, бықсып жанған от 500 шаршы метр аумақты күлге айналдырып жіберді. Әбігерге салған өрт бүгін таңсәріде ғана толық ауыздықталды.
ИНТЕРШУМ...

МӘТІН: Бір өкініштісі - отты өшіру кезінде 3 құтқарушы қаза тапты.
Олар - қалалық өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Валерий Зайцев, 6-шы бөлімнің бастығы Руслан Кәкішев және тағы бір өрт сөндіруші Саят Әбеев. Бақилық болған 3 азамат тілсіз жауды сөндіру үшін жертөлеге түсіп, содан қайтып оралмаған.

СНХ: ВЛАДИМИР БОЖКО - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ

(((АУДАРМА)))

***Біздің қызметте бөлім бастықтары әрдайым, алдыңғы шепте жүреді. Марқұм болған азаматтар да сол қағидадан аттап кете алмады. Өздері бас болып, өртті сөндіруге кіріскен. Бірақ, ажал құшты. Үшеуі де өз ісінің нағыз тәжірбиелі мамандары еді. Өте өкінішті жағдай.

МӘТІН: Отқа оранған қойма жергілікті әкімдіктің меншігінде екен. Онда негізінен оқыс оқиға орын ала қалған жағдайда қолданылатын құрал-жабдықтар сақталған. Қазір өрттің шығу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Тіпті қылмыстық іс те қозғалды. Ал бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар Астана қаласының әкімдігіне қара жамылған жанұяларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5119 & 14 Сұрау